Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 74

2021-06-13 17:00:35 Қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жұрттың бәрі қыран емес.

Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"

@kitapuzindisi
593 viewsAssel, 14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 17:01:25 Дүниeдeгі барша тіршілік иeлeрінeн адамды айырып тұратын төрт-ақ қасиeт бар: сoның бiрi – білімділік, eкiншiсi – ұстамдылық, үшiншiсi – ақыл, төртiншiсi – əдiлдiк. Ғалымдық, oқымыстылық, oйлап сөйлeушiлiк – бұлар білімділік. Зeрдeлiлiк, төзiмдiлiк, əдeптiлiк жəнe iзeттiлiк – ақылдылықтың бeлгісі. Ұяттылық, ізгi ниeттiлiк, өзiн-өзі тeжeй білу жəнe өз басын қадiр тұту – бұлар ұстамдылыққа жатады. Шыншылдық, мiндeтiн oрындай бiлу жəнe мeйірiмдiлiк – əдiлдiктің бeлгісі. Oсы қасиeттeр түгeл бiр адамның басында бoлса, oл адам бұл дүниeдe қиындыққа ұшырамайды, жoқтық көрмeйді. Бұл қасиeттeр oны рақатқа жeткiзбeгeн сəттe дe, oл уайымдамайды, кeйдe зиян кeлсe дe күйiнбeйдi. Oсы төртeуін даналық дeсe бoлады, oл таусылмас қазына, қанша жұмсасаң да oртаймайды, жoқшылыққа ұрындырмас қoр да сoл. Даналық өмiр бoйы тoзбайтын сапалы киiм, ұзақ өмiрдe лəззаты сарқылмайтын рахат.

Мырзагелді Кемел "Бітігші"

@kitapuzindisi
571 viewsAssel, 14:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 13:30:49 Көкірегінде не жатқанын білмейінше, біреу туралы көкіп, алысқа әкету – ең нашар қылық.

Бәрінде жара бар. Жай ғана өмір сүріп жүрген жоқ. Өмір сүруді үйреніп жүр.
710 views10:30
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 08:01:10 Ғашықтық – ақымақтықтың бір ағайыны. Ғашық адам қашанда ақымақ. Ал ақымақ адам әдетте не айтып, не қойғанын білмейді, аузына не келсе, соны сөйлей береді, және өзін үнемі ақылды, әдемі сөйлеп тұрмын деп есептейді. Сондықтан сүйіскен жастарға сөз қажет те шығар. Ұғынысу үшін, түсінісу үшін емес, үлкен симфонияға жаңа әуен, жаңа дыбыстар қосу үшін ғана. Және айтылған сөздің бәрі бірдей ақылды болуы шарт емес. Қайта, ақылсыз, парықсыз сөздер болсын. Сонда ғана сырлы әуенмен жарастық таппақ. Ал біздің кейіпкеріміз жаза басты, қажет сәтінде ақылсыз сөз таба алмады. «Тағдырдың жазуы осы шығар...» Маңдайыма біткен жұлдызым сенсің дегені еді. Дүниеден бар тілегенім сенсің, бар мұратым, бар үмітім, бар өмірім өзіңде ғана дегені еді. Қыз оны ұқпады. Тағы да кекетiп тұр, тағы да күліп тұр деп ойлады. Сондай ой келген мезетте-ақ ақылды бола қалды. Ақылды бола салысымен, «Не смей!» деп, қажетті ақылсыз сөзді тауып айта алмаған ақымақ жігіттің қолын қағып жіберді. Сол сәтте жігіт те ақылды бола қалды. Ал екі ақылды бой таластырмай тұра алмайды. Неғұрлым ақылды болса, соғұрлым көбірек таласады, неғұрлым көбірек таласса соғұрлым бірінен бірі алшақтай түседі. Ақыры айрылысып тынады. Арада әлденеше жыл өткен соң, жаны жат бөтен әлдекіммен үстіне бала-шаға, қазан-ошақ, қоқыр-соқыр тиелген бір арбаға жегіліп, арып-аршып жүрген шақта өткенді өкінішпен ойға алып, «шіркін, баяғыда қандай ақымақ болғанбыз» деп күрсініседі. Жоқ, қателесесіз, ақымақ болған жоқсыз, тым ақылды болдыңыз. Сол себепті де бақытыңыздан айрылдыңыз.

Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"

@kitapuzindisi
876 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 08:00:44 Сан тарау өмір соқпағында ерікті, яки еріксіз басқан ізің – адамша ойланған сәтіңде ар сотының алдында азаптай ма? Тірнектеп, тыраштанып қалыптастырған анықтауышыңа (атағыңа, абыройыңа, кәсіби дәрежеңе) қаншалықты адалдығың жайлы аз-кем толғанғанда лайықты, лайықсыздығыңыз туралы Құдайдың алдында құлазисыз ба? Осы сауалдарды өзіңе қойған сәтте адамша өмір сүрудің аса күрделі үлгісін көрсетіп кеткен алдыңғыларға айтар сөз де таппайсың. Тазы боп шалар түлкі заманды сүрген біз ғана емес қой, тегі...

Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"

@kitapuzindisi
1.2K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 08:00:41 Әлі лайланбаған мөлдір бастаудай баланың ашық жаны бұл дүниеден ойлағанының бәрі бола бермейтінін, үмітінің бірі жеткізсе, бірі алдамшы сағымдай бұлдырап жеткізбейтіндігін, сәттіліктерімен қатар сәтсіздіктер де боларын сезбейді ғой.

Шәрбану Бейсенова "Сан суреттің бірі еді..."

@kitapuzindisi
773 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 08:01:06
Төлен Әбдік "Өліара"

@kitapuzindisi
1.4K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 08:00:35 – Жiгiт адамға жiгерлiлiк қана жарасқан. Мә, мына қолғапты ки де, бiраз төмпеште, қарымыңды байқайық.

Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"

@kitapuzindisi
1.4K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 08:00:45 Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀

Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"⠀

@kitapuzindisi
1.7K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 08:01:05 Парақорлық – кітап айтатын күнәнің үлкені... Парақорлық бұрынғы Кеңгірбай сияқты атақты бидің де сүйегіне басылған таңба еді. Өшпес міні, кешпес сұмдығы сол болатын. Ол, әсіресе қысылған жандардан, жазықсыз жұрттан түсетін жем. Көпшілікке айтқызсаң, Барлас, Шөжелерге айтқызсаң - ол ең бір кешірілмейтін күнә. Абырой, атақ әперіп отырған «Құдай үйінің» өзі де көптен-көп осындай малдан салынбады ма екен!..
Парадан жиылып та мешіт боп қалқиып тұрады екен. «Арамнан салындым» деп қаусап қалмайды. Оның ішінде де Құдай аты аталып, пайғамбар атынан «құтпа», «уағыз» сөйленеді. Сәлделі имам көзін сүзіп, «тәбәрәкті» созып, «Бұхар мақамын» күңірентеді екен. Жақсы көрдім деген баланың, жақсы тілеумен айттырдым деген келіннің ақ тілеуі, ақ күмбезі де жем-парадан үзік жамылып, жем-парадан шымылдық тігіледі екен.

Мұхтар Әуезов "Абай жолы"

@kitapuzindisi
6.2K views05:01
Ашу / Түсініктеме