Get Mystery Box with random crypto!

Халық кейде бала, кейде ана секілді. Баланы әлпештеп, ананы ар | Кітап үзіндісі

Халық кейде бала, кейде ана секілді. Баланы әлпештеп, ананы ардақтайтын даналық бұйырған «жан көрінбес көзіңе». Мақсат, мұраттан гөрі, қулық-сұмдық сауған заманда ет жақыныңның иманын пайдаланып, шіренгеніңе де жол табасың. Ұлдың мінезі ұсақталып, ұлылық орға жығылған сәтте бүкіл жұрағатқа кесел айналып, кесір иектейтінін естен шығарып алдық. Ақсақалдықтан адыра қалған тас жетім тағдырымызға налып, әркімді кінәлі санауға әуес бөтен жыныстың бойымызға сіңе бастаған бөгделігі – ұлтымыздың трагедиясы.

Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"

@kitapuzindisi