Get Mystery Box with random crypto!

Қоғамға араласып, түрлі жағдаяттар, құбылыстарға куә болған са | Кітап үзіндісі

Қоғамға араласып, түрлі жағдаяттар, құбылыстарға куә болған сайын «сүйегі жаситын қасиеттің ауылын» төңірегіңнен іздей бастайды екенсің. Өзін батыр демек түгілі, елдің қолпашын – өкінішін еске түсіретін ауыр сөз ретінде қабылдап, адам – пендені жүректің көзімен таныған кешегінің парасатына таңқалмай көр. «Біз – ақындар...», «Біз – жазушылар...», «Біз – қоғам қайраткерлері...», «Біз – журналистер», «Біз – өнер адамдары...». Радио-теледидарды қоссаң, газет-журналды ақтарып қалсаң ең көп еститін, оқитын сөз осы болды бүгінгі. Ешкім де періште емес қой, сүйегіңіз жасымай ма сіздің?..

Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"

@kitapuzindisi