Get Mystery Box with random crypto!

Біреудің наласына қалу деген нені білдіреді? Бұл дегеніміз - а | Кітап үзіндісі

Біреудің наласына қалу деген нені білдіреді? Бұл дегеніміз - артынан жамандау, ол туралы өсек-аяң тарату, сынап-мінеу, кемшілігін, қателігін бетіне баса беру, жұрт көзінше мазаққа айналдыру, сырын жалпыға мәлім ету, сөзбен шағу, аяғынан шалып қалуға тырысу, басып-жаншу, достың кейпіне ене отырып, жамандық тілеу, ор қазу.

Егер де сіздің де осылардың біріне қатысыңыз болса, кілт тоқтаңыз! Алланың қаhарына ұшырамаңыз! Өзіңізді бақытсыздыққа душар етпеңіз. Жаратқанның мейірімі шексіз. Бақытты да бай-қуатты атану мәртебесі сізге бұйыруы әбден мүмкін. Ақымақ қылықтармен өзіңізді құзға итермеңіз. Дәл қазір "адалдықтан айнымаймын, аузымды былғамаймын" деп уәде етіңіз! Ертең жолыңыз ашылып кетсе, таңғалмаңыз оған...

Мәрзия Бекайдар "Қисық қабырға"

@kitapuzindisi