Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2023-02-06 13:03:29 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

t.me/kaznurkz
835 views10:03
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 12:51:23 Қазақстан СІМ: Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ

"Қазіргі уақытта тізімде қаза тапқан немесе қайтыс болған Қазақстан азаматтары жоқ", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар ол көптеген тұрғын үйдің қирауына байланысты қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

t.me/kaznurkz
785 views09:51
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 11:59:21
28 градус аяз, көктайғақ: Алдағы күндері елде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді. Нәтижесінде бұрқасын болып, қар жауады.

9 ақпанда шығыста қалың қар түседі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал.

Сонымен қатар метеорологтар сынап бағанасы түнде батыста және шығыста -13...-21 градусқа дейін, солтүстікте -20...-28 градусқа дейін, орталықта -15...-26 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр.

Ал күндіз батыста -7...-12 градусқа дейін, солтүстікте -15...-20 градусқа дейін, шығыста және орталықта -10...-18 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

t.me/kaznurkz
793 views08:59
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 11:22:16
Қазақстан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирін қабылдайды

Әлемдік жарыс 2023-2026 жылдар аралығында Qazaqstan Barysy Grand Slam атауымен өтеді.

Турнирді Астана және Алматы қалаларында өткізу жоспарлануда.

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстанда дзюдодан әлем және Азия чемпионаты, Гран-при, Мастерс бәсекелері өткізілген.

t.me/kaznurkz
752 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 09:46:02
Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, өткен түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында болған күші 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан елдің жеті провинциясында 76 адам қаза тауып, 440 адам жарақат алды.

t.me/kaznurkz
805 viewsedited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 08:20:40
Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

t.me/kaznurkz
798 viewsedited  05:20
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 06:04:39
Түркияда магнитудасы 7,7 болатын қатты жер сілкінісі тіркелді.

Түркияның орталық бөлігінде қатты жер сілкінісі болды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Елде жоғары деңгейдегі қауіптілік деңгейі енгізілді. Бұл туралы SHOT басылымы хабарлайды.

Жер асты дүмпулері Палестинада, Сирияда, Ливанда және тағы да басқа көршілес елдерде сезілгені хабарланып жатыр.

t.me/kaznurkz
879 views03:04
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 13:06:16
Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылған Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында алдағы уақытта университетте сабақ бермек ниетте екенін айтты.

"Иә. Бұдан да басқа жоспарлар бар. Бірақ қазіргі уақытта дәл осындай шешім қабылдадым. Маған бұл өте қызық. Кезінде өзім біраз жыл ұстаз болып жұмыс істегеннен кейін әрқашан жүрегіме жылы, жақын болып тұрады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов 2023 жылғы 4 қаңтарда Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылған еді.

t.me/kaznurkz
92 views10:06
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 05:40:51
Бүгін Қазақстанның екі қаласында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, бүгін Алматыда қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағаналары +3...+5 градусты көрсетсе, түнде -3...-5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с жетуі мүмкін.

Шымкентте де қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз +4...+6 градусқа дейін күн жылынса, түнде -2...-4 градусқа дейін суытады. Сонымен бірге шаһарда 5-10 м/с дейін жел күшеюі ықтимал.

Ал Астанада бүгін қар жауып, күші 9-14 м/с дейін жететін жел соғады деп болжануда. Күндіз қалада ауа температурасы -5...-7 градус, түнде -15...-17 градус болады.

t.me/kaznurkz
84 views02:40
Ашу / Түсініктеме
2023-02-04 16:49:02 Бүгін, кешкі сағат 20:30-да "Qazaqstan" ұлттық телеарнасынан "Aqorda" жаңа жобасы эфирге шығады.

Жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық қызметіне шолу жасайды.

Хабарда мемлекет басшысының жүзеге асырып жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік бағыттағы реформалары, күнделікті кездесулерінің маңызы мен түпкі нәтижесі талданбақ.

Бағдарлама эфирге әр сенбі сағат 20:30-да шығады.

t.me/kaznurkz
259 views13:49
Ашу / Түсініктеме