Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-02-13 16:35:16
Астанадағы № 2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері жүрегі бір тәулік ішінде 53 рет тоқтаған науқасты аман алып қалды.

Аурухананың мәліметінше, науқас 6 қаңтарда емдеу мекемесіне миокард инфарктісі диагнозымен өте ауыр жағдайда түскен.

"Қан айналымы ұдайы тоқтап қала берді. Науқастың жүрегі соғысы да тоқтап қалған кездер болды. Тіпті, бір күнде жүрек 53 рет тоқтады. Жасанды жүрек пен өкпе қызметін атқаратын экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру аппаратын қосуға тура келді", - дейді аурухана өкілдері.

Дәрігерлер 35 күн бойы науқастың өмірі үшін күрскен. Осы уақыт ішінде әйелде қан кету, артынша қабыну реакциясы, сепсис және жүйелік көп мүшелік жеткіліксіздік пайда болған.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарып, ол интервенциялық кардиология бөлімшесіне ауыстырылған.

t.me/kaznurkz
574 viewsedited  13:35
Ашу / Түсініктеме
2023-02-13 15:49:01
Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды.

Бұл жаңалықты желіде Ғани Назарбек есімді экобелсенді бөлісті.

Оның айтуынша, бәйшешек Отырар ауданы мен Арыс қаласының шекарасы маңындағы Сырдария өзенінің жағасында бүршік атқан.

Дала гүлі сондай-ақ Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының аумағында да бүршік атқан.

t.me/kaznurkz
586 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2023-02-13 13:47:28
ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті

"ҰҚШҰ-ның алдында тұрған міндеттер жеткілікті, әсіресе, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің шекарасында кездесетін мәселелер. Мен сіздің тәжірибеңіз жайлы бекер айтып отырған жоқпын, сіздің есте сақтау қабілетіңіз өте жоғары. Кавказды да, Орталық Азияны да жақсы білесіз, ол жерде де мәселелер туындап отыр. Оларды шешуге тырысайық және осы қиын кезеңде ҰҚШҰ-ны мүмкіндігінше біріктіре түсейік", - деді Лукашенко Тасмағамбетовке.

t.me/kaznurkz
666 views10:47
Ашу / Түсініктеме
2023-02-13 12:04:50 Түркиядағы жер сілкінісінен тағы бір Қазақстан азаматы көз жұмды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылған.

Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныған.

t.me/kaznurkz
687 viewsedited  09:04
Ашу / Түсініктеме
2023-02-13 07:35:20
Үкімет қаулысымен Ақерке Естайқызы Ахметова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Әділет вице-министрі қызметінен босатылды.

t.me/kaznurkz
778 views04:35
Ашу / Түсініктеме
2023-02-13 06:11:47
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мансабын аяқтады

Даңқты спортшы бұл тұралы Астанада өткен Азия чемпионатында мәлімдеді.

"Мені тұлға, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және құдайға ризамын", - деді ол.

Рыпакова үш қарғып секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері және жабық кешендегі әлем чемпионатының жеңімпазы.

t.me/kaznurkz
813 views03:11
Ашу / Түсініктеме
2023-02-13 05:28:43 Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің хабарлауынша, Алматыда бүгін жауын-шашын болмайды, күндіз термометр бағаны 0-ден + 2 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнде -6 градустан -8 градусқа дейін суытады. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 0-5 метрге жетуі мүмкін.

Сондай-ақ бүгін Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, күндіз елордада -10...-12 градус суық болады деп болжануда, ал түнде -18...-20 градус аяз болуы ықтимал. Шаһарда жел күшейіп, секундына 3-8 метрге дейін жетеді.

Шымкентте синоптиктердің ақпаратынша, жаңбыр жауып, күн жылы болмақ. Күндіз өңірде сынап бағанасы +5...+7 градусқа дейін жоғарылайды. Ал түнде түнде 0 градустан -2 градусқа дейін суытады. Сондай-ақ қалада 3-8 м/с дейін жел күшейеді деп күтілуде.

t.me/kaznurkz
820 views02:28
Ашу / Түсініктеме
2023-02-12 10:35:12
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев ұсталды.

Экс-әкім лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктелуде.

Ақтөбе облысының мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы қаулысымен оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Айта кетейік, Ермек Имантаев Ақтөбе облысын 2002-2004 жылдары басқараған болатын.

t.me/kaznurkz
212 viewsedited  07:35
Ашу / Түсініктеме
2023-02-12 08:01:46
Қазақстан аумағында жер сілкінді.

Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 303 шақырым жерде Қазақстан территориясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.4.

MPV магнитудасы - 3.8.

Тереңдігі - 15 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

t.me/kaznurkz
446 viewsedited  05:01
Ашу / Түсініктеме
2023-02-12 07:24:04
Түркияның вице-президенті Фуат Октай елдегі жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар туралы жаңа деректерді жариялады.

Оның сөзінше, соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы зілала салдарынан көз жұмғандар саны 24 617-ге дейін өскен.

t.me/kaznurkz
494 views04:24
Ашу / Түсініктеме