Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2023-02-07 19:01:55
Ресейден ауысып келген қыз Қазақстанға алтын сыйлады

Қазақстандық тау шаңғышы Александра Скороходова Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.
Спортшы слаломда өзіне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелдеп, тұғыр биігінен көрінді.

1. Александра Скороходова (Қазақстан) - 1:41:35

2. Юлия Златкова (Болгария) - +0.93

3. Оливия Вробель (Польша) - +1.28

t.me/kaznurkz
126 views16:01
Ашу / Түсініктеме
2023-02-07 16:37:52
Түркиядағы ахуалға байланысты Қазақстанда жедел желі іске қосылды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы табиғи апатқа байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде +7 (7172) 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылғанын айтты.

"Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады", - дейді ол.

Бұдан бөлек СІМ өкілі жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары жарияланатынын атап өтті.

"Барлық келіп түскен ақпарат міндетті түрде қосымша тексеріледі. Жер сілкінісі аймақтарындағы гуманитарлық апатты ескере отырып, іздеу-құтқару жұмыстары біраз уақыт алады.

Түркиядағы азаматтарымыз туралы қандай да бір ақпарат болса немесе туыстары байланысқа шықпаса, дереу Сыртқы істер министрлігіне жоғарыда көрсетілген нөмірге немесе Түркиядағы дипломаттарымызға хабарлауды сұраймыз", - дейді Айбек Смадияров.

t.me/kaznurkz
163 viewsedited  13:37
Ашу / Түсініктеме
2023-02-07 13:09:41
Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды.

ТЖМ-ның мәліметінше, келесі қадам техника мен құрал-жабдықтарды түсіріп, жергілікті билік өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

t.me/kaznurkz
151 viewsedited  10:09
Ашу / Түсініктеме
2023-02-07 10:52:24 Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды

"Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын", - деді Асхат Аймағамбетов.


t.me/kaznurkz
184 viewsedited  07:52
Ашу / Түсініктеме
2023-02-07 07:41:16 7 ақпан күні Түркияда магнитудасы 5,3 болатын тағы бір жер сілкінісі болды

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) ресми сайтында хабарлады.

Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері UTC 03:13-те, яғни Астана уақыты бойынша 09:13-те тіркелген.

Сонымен қатар Түркияның аталған аймақтарында магнитудасы 3,4-тен 4,7-ге дейінгі тағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді.

t.me/kaznurkz
164 viewsedited  04:41
Ашу / Түсініктеме
2023-02-07 07:03:31
Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Борт алдын ала мәлімет бойынша Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

t.me/kaznurkz
160 views04:03
Ашу / Түсініктеме
2023-02-07 05:07:35 Бүгін елдегі мегаполистердің бірінде күн 14 градусқа дейін жылынуы мүмкін

"Қазгидромет" РМК болжамынша, бүгін Астанада күндіз қар жауып, -10...-12 градусқа дейін аяз болады. Ал түнде сынап бағанасы -20...-22 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар елордада жел 3-8 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Синоптиктер Алматы қаласында күн ашық әрі ауа температурасы +5...+7 градус жылы болатынын хабарлады. Ал түнде сынап бағанасы -1...-3 градусты көрсетеді. Оңтүстік астанада желдің күші секундына 0-5 метрге жетуі ықтимал.

Бүгін Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады деп күтілуде. Күндіз сынап бағаналары +12...+14 градусты, түнде +1...-1 градусты көрсетеді. Дегенмен шаһарда жел 8-13 м/с дейін күшеюі мүмкін.

t.me/kaznurkz
381 views02:07
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 21:16:01 Ердоған Түркияда 12 ақпанға дейін қаралы күн жариялады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 1,6 мыңнан астам адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты елде ұлттық аза тұту жариялады.

Елдің оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Ұлттық аза тұту 12 ақпанға дейін жалғасады, деп жазады РИА Новости.

t.me/kaznurkz
573 views18:16
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 21:06:40
Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 1651-ге, Сирияда-538-ге дейін өсті

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа елдің оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы жаңа деректерді жариялады.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1651-ге жетті, 11 мыңнан астам адам жарақат алды, деп жазады РИА Новости.

Сонымен қатар, Түркия вице-президенті Фуат Октай елдегі жер сілкінісі кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендер санының артуына дайын болуға шақырды.

Ал Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 538-ге жетті. Бұл туралы Сирияның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

t.me/kaznurkz
577 views18:06
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 14:04:08 Түркияда тағы да 7,7 балдық жер сілкінісі болды

Түркияның орталық бөлігінде Астана уақытымен сағат 16:24-те 7,7 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді.

Кейбір мәлімет бойынша, жерасты дүмпулері елдің шығыс бөлігінде де сезілген. Жер сілкінісі Түркия астанасы Анкарада сезілді.

Одан бөлек, Кахраманмараш қаласынан 77 шақырым жерде магнитудасы 5,9 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

t.me/kaznurkz
797 viewsedited  11:04
Ашу / Түсініктеме