Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2023-01-31 09:49:03
Нұркен Шәрбиев Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

t.me/kaznurkz
277 viewsedited  06:49
Ашу / Түсініктеме
2023-01-30 16:07:21
"Барыс" бапкері Андрей Скабелка рейтингте төмен сырғыды

Ол ҚХЛ-дағы бапкерлер тізімінде 14-орында тұр.

Бұған өткен аптада "Барыстың" төрт ойынның үшеуінде жеңілгені себеп.

Көш басында "Ак Барс" тізгінін ұстаған Зинетулла Билялитдинов. Екінші сатыда Игорь Ларионов ("Торпедо"), үшінші орында "Сибирь" бас бапкері Андрей Мартемьянов.

t.me/kaznurkz
718 views13:07
Ашу / Түсініктеме
2023-01-30 15:56:31
Сондай-ақ Ілияс Оспанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

t.me/kaznurkz
715 viewsedited  12:56
Ашу / Түсініктеме
2023-01-30 15:53:21
Қанат Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

t.me/kaznurkz
647 viewsedited  12:53
Ашу / Түсініктеме
2023-01-30 15:14:46
Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 18 желтоқсанында журналисті Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ұстаған болатын.

Ол Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілінген ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұсталған.

t.me/kaznurkz
700 viewsedited  12:14
Ашу / Түсініктеме
2023-01-30 11:34:52
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып Нұрлан Нұркенов тағайындалды.

Бұған дейін ол 2019 жылдың ақпан айынан бері Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Жаңа лауазымында Нұрлан Нұркенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, қалалық ортаның сапасын бақылау, кешенді абаттандыру, санитарлық тазалау және т.б. бағыттарға жетекшілік етеді.

t.me/kaznurkz
765 viewsedited  08:34
Ашу / Түсініктеме
2023-01-30 08:41:23
Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев "Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2 пайызы" (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді.

Сәрсенбек Монтаев соңғы жылдары БҚАТУ-де жұмыс істеуде. Ал қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады.

Профессор "Болашақ" бағдарламасы аясында Жапонияда "Нанотехнология" мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

t.me/kaznurkz
831 viewsedited  05:41
Ашу / Түсініктеме
2023-01-30 07:16:31 Оралда сырғанап жүрген 17 жастағы қыз ауыр жарақат алды

БҚО ПД мәліметінше, оқиға 28 қаңтар күні Оралдағы Ысқырғыш-тау ауданында болған. Зардап шегуші 29 қаңтар күні ауруханаға жеткізілген.

Қыздың жағдайы ауыр деп бағалануда. Оған дәрігерлер іштің жабық жарақаты, бауырдың жыртылуы, үш қабырғасының жабық сынуы деген диагноз қойған.

Қазіргі таңда полиция болған оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.

http://t.me/kaznurkz
844 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2023-01-30 04:20:25 "Реал Мадрид" маңызды матчта ұпай жоғалтты.

Футболдан Испания біріншілігінің 19-турында карольдік клуб өз алаңында "Реал Сосьедад" клубымен кездесті.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матчта тең есеп тіркелді (0:0).

Осылайша, Карло Анчелоттидің шәкірттері маңызды матчта ұпай жоғалтып, көш басындағы "Барселонадан" 5 ұпай қалып қойды.

Айта кетейік, каталониялық клуб 47 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Ал "Реал Мадридте" 42 ұпай бар.


t.me/kaznurkz
883 views01:20
Ашу / Түсініктеме
2023-01-29 10:17:10
Петропавлда бірнеше ықшамаудан бір тәуліктен бері сусыз отыр. Мамандар бір тәуліктен аса уақыттан бері су құбырын жөндеп жатыр.

Петропавлдың оңтүстік-шығысында диаметрі 800 мм су құбырының зақымдалғаны 28 қаңтар күні таңертең белгілі болған.
Қазір қаладағы жұмысшылар ауылы, "Береке" ықшамауданы мен вокзал маңындағы үйлер сусыз отыр.

"Су жақын арада беріледі. 35 адам мен 17 техника жұмыс істеп жатыр", - деді тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі.

t.me/kaznurkz
992 views07:17
Ашу / Түсініктеме