Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2023-02-11 06:16:44
Қазақстандық алты боксшы Венгриядағы турнирдің финалына шықты.

Ақтық мәреде өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің арасында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Аятулла Такижанов (75 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бар.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

t.me/kaznurkz
138 views03:16
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 17:36:48
Қазақстандық Каролин Чепкоеч Азия чемпионы!

Жеңіл атлетикадан Астанада өтіп жатқан жабық ғимараттағы Азия чемпионатында алғашқы алтын қоржынға түсті.

Қазақстандық Каролин Чепкоеч 3 мың метрге жүгіруден жеңіске жетті.

Күміс және қола медаль тиісінше Қытай мен Жапония спортшыларына бұйырған.

Құттықтаймыз!

t.me/kaznurkz
175 views14:36
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 14:01:02
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың қашан елге жеткізілетінін айтты.

"Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирус Құрмашевтің денесі Қазақстанға 11 ақпанда жеткізіледі", - деді ол.

t.me/kaznurkz
75 views11:01
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 13:42:04
Осы апта Түркияда алапат зілзала болып, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінгі күнде 18 342 адамға жетті. Бұл ретте NUR.KZ ұжымы жер сілкінісі секілді табиғи апаттардан қалай қорғанып, дабыл шабаданына нені жинақтау керектігі жөнінде нұсқаулықты назарға ұсынады.

t.me/kaznurkz
152 views10:42
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 12:53:37
Үкімет қаулысымен Евгений Дмитриевич Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

t.me/kaznurkz
286 views09:53
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 12:46:44
Биыл мемлекет 70 мың қазақстандықтың пәтер жалдау ақысының 50 пайызын төлейді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлауынша, осы мақсатта биыл 50 млрд теңге бөлінеді.

Аталған бағдарламаға қатысу үшін өтінішті Otbasybank.kz платформасына жіберу қажет. Өтініш электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қабылданады.

Мемлекеттік субсидияны алуға үміткер бола алады:

- I және II топтағы мүгедектер;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- жетім балалар;

- көп балалы отбасылар.

t.me/kaznurkz
310 views09:46
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 09:11:48
72 жасқа қараған шағында Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко өмірден өтті.

Бұл туралы Sputnik Kazakhstan хабарлады.

Сергей Терещенко 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 1994 жылдың 14 қазанына дейін Қазақстанның премьер-министрі болған.

t.me/kaznurkz
268 viewsedited  06:11
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 06:43:09
Қазақстандық құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі қалада толығымен қираған ғимарат үйінділерінің астынан үш адамды аман алып шықты.

Құтқарылған тұрғындардың бірі - ер, екеуі әйел адам.

t.me/kaznurkz
493 viewsedited  03:43
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 05:17:40
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді.

Ел үкіметінің хабарлауынша, Сирияға мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары жіберіледі.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырған еді.

t.me/kaznurkz
558 viewsedited  02:17
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 05:06:07 Түркияда жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен екінші қазақстандықтың денесі табылды.

Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі табылып, шығарылған.

Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Отандасымыздың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

t.me/kaznurkz
530 viewsedited  02:06
Ашу / Түсініктеме