Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2023-02-09 21:02:51
Елена Рыбакина Абу-Даби турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастап, чехиялық Каролина Плишкованы ұтты.

Есеп: 6:4, 6:2.

Осылайша, отандық теннисші ширек финалға жолдама алды.

t.me/kaznurkz
131 views18:02
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 19:04:53
Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы зілзала салдарынан қаза тапқан қазақстандықтың кім екенін анықтады.

«Бүгін таңертең, 9 ақпан күні іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасты және Қазақстан Республикасының азаматы Қадырбеков Әділдің денесі табылды. Сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін елге жеткізуге барынша көмек көрсетеді», - деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

t.me/kaznurkz
200 viewsedited  16:04
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 13:47:42 Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдегі жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 14 014-ке дейін, жараланғандар саны 63 794-ке дейін өскенін хабарлады.

t.me/kaznurkz
129 views10:47
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 13:35:49
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады.

Кездесу барысында Марат Ахметжанов президентке полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру (Integrity check) жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері туралы айтты.

Сондай-ақ ІІМ басшысы шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы жайында баяндады.

Президент Ішкі істер министріне азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкерелеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

t.me/kaznurkz
39 viewsedited  10:35
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 11:20:57
Соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 873-ге, жарақат алғандар саны 62 937-ге жеткен.

Сирия билігінің хабарлауынша, зілзала салдарынан құрбан болғандар саны 3 508-ге жетсе, зардап шеккендер саны 5 мыңнан асады.

t.me/kaznurkz
155 views08:20
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 09:33:53 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Президенттің қабылдауында болған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар президент үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

t.me/kaznurkz
379 views06:33
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 08:57:24
Газиантептегі объектілердің бірінде қазақстандық құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды аман-есен шығарып алды.

Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медицина мамандарына тапсырды.

Жұмыстар үзіліссіз, екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанына қарамастан, аса күрделі жағдайларда жүргізілді.

Адамдарды анықтау үшін кинологиялық топтар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды.

t.me/kaznurkz
429 viewsedited  05:57
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 08:13:13
Жылдың үздік қақпашысы кім болады?

ФИФА 2022 жылдың үздік қақпашысы атағынан үмітті үш ойыншының есімін атады.

Олар: Тибо Куртуа (Бельгия), Эмилиано Мартинес (Аргентина) және Яссин Буну (Марокко).

Куртуа Чемпиондар лигасында, Мартинес әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

Ал Яссин Буну Марокко сапында алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті.

t.me/kaznurkz
92 views05:13
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 07:57:18 Түркиядан Қазақстанға арнайы бортпен 64 адам эвакуацияланды

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейс арқылы ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келді.

t.me/kaznurkz
145 viewsedited  04:57
Ашу / Түсініктеме
2023-02-09 05:22:49
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 9 ақпанда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады

Мамандардың мәліметінше, Астанада бүгін қар жауады. Күндіз -13...-15 градусқа дейін суытады. Елордада желдің күші 3-8 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматыда бейсенбіде күн райы жаңбырлы болмақ. Күндіз ауа температурасы +4...+6 жылы болуы мүмкін. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 2-ден 7 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Шымкентте бүгін жаңбырдың артынан қар жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +2...+4 градус жылы болады. Сондай-ақ қалада жел 8-13 м/с дейін, кей жерлерде 17-22 м/с дейін күшеюі мүмкін.

t.me/kaznurkz
203 views02:22
Ашу / Түсініктеме