Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2023-02-01 15:28:57
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты үндеу жасады.

ТЖД мәліметінше, бейсенбі яғни 2 ақпан күні түнде және таңертең Алматы қаласында тұманды ауа райы күтіледі.

Осыған байланысты ТЖД өкілдері көлік жүргізушілерін аса сақ болуға шақырып отыр.

Құтқарушылар мүмкін болса тұманды жағдайда сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен дұрыс екенін атап өтті.

"Туристер мен демалушылардан да таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз! ️Егер көмек қажет болса, 112, 109 желісіне немесе 8(727) 372 -15-60 (Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) нөмірі бойынша хабарласыңыз", – дейді ТЖД өкілдері.

t.me/kaznurkz
862 viewsedited  12:28
Ашу / Түсініктеме
2023-02-01 14:44:07 Дзюдодан Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

4-5 ақпан күндері Франция астанасы Париж қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді.

Байрақты бәсекеге әлемнің 85 елінен 500-ден аса дзюдошысы қатысады деп жоспарланып отыр.

Париж татамиінде Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды:

Ерлер:
• 60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев,
• 66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев,
• 73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев,
• 81 келі: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар,
• 90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов,
• - 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас,
• +100 кг: Жамбыл Тұрғыналиев, Әділ Оразбаев.

Әйелдер:
• 48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева,
• 52 келі: Әйгерім Әбілқадірова, Толғанай Әбеуова,
• 57 келі: Дана Әбдірова, Дана Құсақбаева,
• 63 келі: Есмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева,
• 70 келі: Анастасия Маякова, Анастасия Морозова,
• -78 кг: Аруна Жангельдина, Назерке Тілеуханова,
• +78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.



t.me/kaznurkz
804 views11:44
Ашу / Түсініктеме
2023-02-01 11:02:46
Қазақстанда 4 пайыздық жеңілдетілген автонесиеге өтінішті онлайн беруге болады

Тұрғындар 6 ақпан сағат 10.00-ден бастап autonesie.kz сайты арқылы онлайн өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін интернетке қосылған компьютер, жеке тұлғаның ЭЦҚ кілті болуы шарт және NCAlayer бағдарламалық құралын орнату қажет. Бұл платформаға Қазақстан аумағынан ғана тіркелуге болады.

Айта кетейік, сайтқа 761 қатысушы тіркелгеннен кейін өтінім түймесі өз жұмысын тоқтатып, өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады.

Бағдарламаның шарттары:
- сыйақы мөлшерлемесі - 4 пайыз;
- бастапқы жарна - 0 пайыздан бастап;
- несиелендіру сомасы - 10 млн теңгеден;
- қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан;
- көлік құралының құны - 15 млн теңгеден аспау қажет.

t.me/kaznurkz
845 viewsedited  08:02
Ашу / Түсініктеме
2023-02-01 09:00:43
Бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ол газ жобаларын дамыту бағытына жетекшілік ететін болады.

t.me/kaznurkz
830 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-02-01 07:53:57
Шымкентте тұрғын үйдің балконы қар мен мұздың салмағын көтере алмай опырылып түскен

Оқыс оқиға 31 қаңтар күні сағат 14.50 шамасында болған.

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің балконы құлаған.

Куәгерлердің сөзінше, көлемі үш шаршы метр балкон қар мен мұздың салмағын көтере алмай опырылған.

Осы орайда қалалық ТЖД оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін мәлім етті.

t.me/kaznurkz
870 views04:53
Ашу / Түсініктеме
2023-01-31 15:46:16 Португалия құрамасының қорғаушысы Жоау Канселу "Манчестер Сити" сапынан "Баварияға" ауысты.

Келісімшартта қорғаушының Германия біріншілігінде маусымның соңына дейін өнер көрсететіні жазылған. Яғни мюнхендік клуб 28 жастағы футболшыны жалға алып отыр.

Сонымен қатар құжатта "Бавария" Португалия құрамасының ойыншысын "Манчестер Ситиден" сатып ала алатыны көрсетілген.

Жоау Канселу мюнхендік клубта 22-нөмірмен ойнайтын болды.



t.me/kaznurkz
141 views12:46
Ашу / Түсініктеме
2023-01-31 13:38:15 Тоқаев кеңес отырысында не айтты:

Урбанизацияның қазіргі қарқыны сақталса, елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай екі миллион адамға жетуі мүмкін
Әкімдіктің ЖЭО-3-ті пайдалануға бере алмай келе жатқанына он жылдан асты. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бірнеше рет кейінге шегеріліп, оның бағасы 53 млрд теңгеге қымбаттаған. Үкімет әкімдікпен бірлесе отырып, биылғы жылдың соңына дейін ЖЭО-3-тің бірінші кезегінің іске қосылуын қамтамасыз етіп, екі газ қазандығының құрылысын аяқтауға тиіс.
Бұған дейін елордаға газ тарту жұмысын аяқтауды бірнеше рет тапсырған болатынмын. Бірақ оны орындау мерзімдері үнемі кейінге шегеріледі. Жағдайды тез арада өзгерту керек. Үкімет пен әкімдік газдандыру жұмыстарын күшейтіп, мерзімінде аяқтауы қажет. Бұл ретте үкімет "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, елорданы қажетті көлемдегі газбен қамтамасыз ету мәселесін шешуі қажет.
Мәңгілік ел даңғылы кептелістен көз ашпайды. Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан көпірдің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет.
LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын.
Бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек. Жалпы, ашық алаңда орналасқан автотұрақтар ақылы болуы керек.
Бас прокуратура және Жусан банкі ғимаратының ортасында бос жер бар. Жоғарғы Сот ғимаратының артындағы алаң да бос жатыр. Әкімдікке осы екі жердің біріне көп қабатты жабық паркинг және жаяу адам өтетін көпір салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын
Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Соған сәйкес олардың саны көбейеді. Үкіметке әкімдікпен бірге қаладағы жастармен жұмысты күшейтуді тапсырамын
"Елорда жастары" бағдарламасына медицина қызметкерлерін қосу мүмкіндігін қарастыру керек

t.me/kaznurkz
227 viewsedited  10:38
Ашу / Түсініктеме
2023-01-31 13:03:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы басталды

"Жалпы, елорданың даму барысы жаман емес. Былтыр әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсті. Ел өмірінде елордамыздың орны ерекше. Оған қойылатын талап та жоғары. Бұл – тек экономикаға байланысты емес, архитектуралық, урбанистикалық, рухани және әлеуметтік салаға қатысы бар мәселе.

Қазір шаһарда жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар. Біраз жерде интернеттің сапасы нашар. Мұны ашық айтуымыз керек. Яғни, өзекті мәселе аз емес. Астана – үлкен қала, көшіп келіп, тұрып жатқан азаматтар көп. Сол себепті, әлеуметтік инфрақұрылымға ауыртпалық түседі. Сондықтан, алдағы жұмыс барысында мынадай мәселелерге айрықша назар аудару қажет", - деді президент.

t.me/kaznurkz
61 views10:03
Ашу / Түсініктеме
2023-01-31 12:14:52
Галидулла Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

t.me/kaznurkz
166 viewsedited  09:14
Ашу / Түсініктеме
2023-01-31 09:55:22
Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын қаржыға салық салынбайды.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет кулуарында айтты.

Сондай-ақ министр егер бала 18 жасқа дейін азаматтығын өзгертсе, онда Ұлттық қордың табысынан жиналған қаржысын ала алмайтынын атап өтті.

Бұл ретте оның шотындағы қаражат қалған балалар арасында қайта бөлінеді.

Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

t.me/kaznurkz
277 views06:55
Ашу / Түсініктеме