Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2023-02-04 16:33:37
Жамбыл облысында күн жылынып, қардың күрт еруімен өңірдегі көшелер мен аулаларды су басты.

Облыстық ТЖД күштерімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдай министрлігі облыстағы ахуал бақылауда екенін айтты.

t.me/kaznurkz
298 views13:33
Ашу / Түсініктеме
2023-02-03 11:58:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары жазушы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды.

"Шерағаң – халқымыздың біртуар азаматы, заңғар жазушы десек артық айтқандық емес. Жас кезімізден бастап біз бәріміз оның "Қызыл жебе" романын, басқа да шығармаларын оқыдық.

Әсіресе, "Бір кем дүние" туындысы әлі күнге дейін өзекті. Халқымызға, әсіресе, жастарға рухани азық болған дүние деп айтуға болады.

Сондықтан жазушының ескерткішіне арнайы келіп, тағзым етіп отырмыз", – дейді мемлекет басшысы.

t.me/kaznurkz
727 viewsedited  08:58
Ашу / Түсініктеме
2023-02-03 10:55:44
Соңғы күндері Түркістан облысының бірқатар аймағын су басып, тұрғындарды әбігерге салды. Осы орайда біз сіздерге су басу немесе сел жүру қаупі туындаған жағдайда не істеу керектігін есте сақтау үшін нұсқаулық әзірледік. Су басу қаупі бар аймақтарда тұратын жақындарыңызбен бөліссеңіз болады.

t.me/kaznurkz
762 viewsedited  07:55
Ашу / Түсініктеме
2023-02-03 06:45:55 Алматы облысында жауын-шашынға байланысты бірнеше бағытта жол жабылды

ТЖД мәліметінше, келесі жол учаскелері барлық көлік түрлері үшін жабық:

Алматы - Қонаев (Іле ауданы, 25-67 шақырымы;

Алматы – Шелек – Қорғас (25-320 шақырымы, Еңбекшіқазақ ауданы);

Ресейдің Екатеринбургке дейінгі шекарасы – Алматы (2436-2214 шақырымы, Жамбыл ауданы);

Алматы – Өскемен (78-124 шақырымы, Қонаев – Жоламан ауылы);

Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас (126-172 шақырымы, Байсейіт – Көкпек, Еңбекшіқазақ ауданы).

t.me/kaznurkz
282 viewsedited  03:45
Ашу / Түсініктеме
2023-02-03 05:24:44
Жұма, 3 ақпанда еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, бүгін Алматыда қар жауады. Ал күндіз сынап бағанасы +4...+6 градусты көрсетіп, түнде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді. Қалада желдің жылдамдығы 0-5 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Астанада бүгін жауын-шашын болмайды, бірақ жел 3-8 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы күндіз -8...-10, түнде -19...-21 градусқа дейін суытады.

Шымкентте бүгін тағы да жаңбыр жауады. Елдің үшінші мегаполисінде күндіз сынап бағанасы +9...+11 градусқа дейін көтеріледі, түнде +1...-1 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ, тұрғындарға желдің 8-13 м/с күшеюі мүмкін екендігі ескертіледі.

t.me/kaznurkz
415 views02:24
Ашу / Түсініктеме
2023-02-02 15:59:42
Нұрлан Мәсімовтің қылмыстық ісі қайтадан сотқа жіберілді

Бұған дейін судья Павлодар облысы ПД бұрынғы басшысының қылмыстық ісін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзуға байланысты прокуратураға қайтару туралы шешім шығарған еді.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін барлық қателіктер түзетілгені ескеріліп, қылмыстық іс қайтадан сотқа жолданды.

t.me/kaznurkz
712 viewsedited  12:59
Ашу / Түсініктеме
2023-02-02 12:18:08
Көкшетаулық азамат елде шетелдік көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды

31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген.

Бүгін ол өзінің көлігін заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.

Айта кетейік, көлік құралын заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Азаматтар өтінімді eGov.kz порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары немесе ХҚКО арқылы, яғни өзіне ыңғайлы нұсқаның бірін таңдап, бере алады.

t.me/kaznurkz
793 views09:18
Ашу / Түсініктеме
2023-02-02 08:51:27
Алматыда екі қоғамдық көлік соқтығысып, салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, алты адам жарақат алған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, жол апаты 2 ақпан күні сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылында болған.

Құзырлы органның дерегінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.

t.me/kaznurkz
781 viewsedited  05:51
Ашу / Түсініктеме
2023-02-02 08:39:30
Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматы қаласы атынан мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде құжат тапсырғанын хабарлады.

"Құжат тапсырылды. Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутатын сайлау бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына бүгін мажоритарлық жүйемен өзімді-өзім Қазақстан Республикасы парламент депутатына кандидаттыққа ұсындым.
Мойындаймын, оңай келген шешім емес", - дейді ақын.

Толығырақ сілтеме арқылы өтіп оқи аласыз.

t.me/kaznurkz
775 viewsedited  05:39
Ашу / Түсініктеме
2023-02-01 16:14:55 Еліміздің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы санының өсімі туралы мәліметтерді жариялады.

Оған сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың.

Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам.

Бір жылда жалпы халық саны 261 мың 845 адамға өскен.

t.me/kaznurkz
855 viewsedited  13:14
Ашу / Түсініктеме