Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 80

2022-07-12 08:07:01 Ертең Алматының бірқатар көшесінде орналасқан тұрғын үйлерде ыстық су болмайды

13 шілде күні сағат таңғы 09.00-ден кешкі 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жүргізу үшін енгізіледі.

t.me/kaznurkz
969 views05:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 13:40:16 Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан парламент сенатының депутаттарын сайлау 24 тамызда өтетін болды

Президент сәйкесінше жарлыққа қол қойды.

t.me/kaznurkz
537 views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 07:40:51
Алматы "қызыл" аймаққа жақындап қалды

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 454 адамнан COVID-19 анықталды. Оның 200-і Алматыдан, ал 118-і Нұр-Сұлтан қаласынан.

t.me/kaznurkz
622 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 18:32:54
Рыбакинаға жүлдені Кейт Миддлтон табыстады

Фото: Reuters

t.me/kaznurkz
453 views15:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 18:26:46 Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

"Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Спортшымызды шын жүректен құттықтаймын!", - деді ол өз құттықтауында.

t.me/kaznurkz
484 views15:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 18:25:18 Сүйінші!!!

Елена Рыбакина Ұлыбританияда өткен «Уимблдон» жарысының жеңімпазы атанды.

t.me/kaznurkz
506 views15:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 06:00:04
Бүгін – Құрбан айттың бірінші күні

Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін қасиетті мереке 3 күн қатарынан тойланады. Барша мұсылман қауымды қайырымдылық пен жанашырлыққа, мейірімділік пен сүйіспеншілікке жетелейтін айтулы мерекемен құттықтаймыз.

t.me/kaznurkz
504 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 08:56:12
Бүгін үкімет қаулысымен екі вице-министр тағайындалды

Ержан Біржанов Қаржы вице-министрі, ал Бейбіт Есенбаев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

t.me/kaznurkz
1.0K views05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 14:27:40 Алматының Шығыс айналмалы автожолында уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Бұған жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп болып отыр.

6 шілде сағат 21.00 мен 7 шілде сағат 07.00 аралығында түнгі уақытта Шығыс айналмалы автожолының Жарбұлақ өзенінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс бетінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

t.me/kaznurkz
1.2K views11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 11:49:41
Атыраудағы Теңіз кен орнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қайтыс болды

Жарылыс 6 шілде күні таңертеңгі 09:55 шамасында Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз қалашығында болған. Құбыр жарылып, салдарынан 37 жастағы екі қызметкер қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3 бөлімімен тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады полиция департаменті kaz.nur.kz тілшісіне.

t.me/kaznurkz
1.2K views08:49
Ашу / Түсініктеме