Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 81

2022-07-06 10:30:20
Елорда көшелерінің біріндегі учаске бір жарым айға жабылатын болды

2022 жылғы 11 шілдеден 25 тамызға дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Қарасай батыр көшесінің Бұланты көшесінен Арақарағай көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

t.me/kaznurkz
1.2K views07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 07:44:32
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 360 жағдайы тіркелді.

Айта кетсек, бұған дейін елде дертті жұқтырудың 187 жағдайы тіркелген болатын. Ал үшінші шілде күні 158 адам коронавирус жұқтырған еді.

Дерт ең көп таралған өңірлер - Алматы қаласы (199 науқас) және Нұр-Сұлтан қаласы (59 науқас). Ал Маңғыстау облысында дертті жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 877 жетіп отыр.

t.me/kaznurkz
1.2K views04:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 07:11:44
Бүгін - Астана күні

2008 жылы 6 шілде Астана күні мемлекеттік мереке ретінде тізімге енді. Бүгін қазақстандықтар үшін мерекеге орай демалыс күні. Биыл Астанаға 24 жыл толып отыр.

Мереке құтты болсын!

t.me/kaznurkz
1.2K views04:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 10:24:37 Елорда атауы қайта "Астанаға" өзгертіліп, мереке басқа күні тойлануы мүмкін бе

Бұл сұраққа премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.

"Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін жыл сайын қалай атап өтсек, солай атап өте береміз. Өздеріңіз білесіздер, бізде көптеген іс-шара жоспарланған. Олар 1 шілдеден бастап жоспарлы режимде өтеді. Бұл Домбыра күні, Астана күніне арналған Қазақ барысы. 1-8 шілде аралығында ұйымдастырылатын іс-шараның барлығы Астана күні аясында өтеді", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар Ералы Тоғжановқа қандай жағдайда шаһарға "Астана" атауы қайтарылуы мүмкін деген сауал қойылды.

"Мен әзірге бұған ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын", - деді Тоғжанов.

t.me/kaznurkz
1.4K views07:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 09:08:26
Бүгінгі үкімет отырысына жиналғандар бетперде тағып отырды. Отырыста мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Үкімет отырысында не айтылды:

Жыл соңына дейін 17 ерте оңалту-араласу орталығы ашылады. Олар жаңа туған нәрестелердегі патологияны дер кезінде анықтауға және уақытылы емдеуге мүмкіндік береді;
Кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу бір орталықтан және ашық түрде жүргізілетін болады. Оның негізгі операторы – Отбасы банкі;
Өңірлерде мүгедектігі бар адамдарға арналған 12 сауықтыру орталығын салу жұмыстары жүріп жатыр;
Өңір әкімдіктері жыл соңына дейін мұқтаж адамдарды техникалық құралдармен және сауықтыру қызметтерімен қамту көрсеткішін 90%-ға және 2023 жылдың соңына қарай 100%-ға жеткізуі керек.

t.me/kaznurkz
1.4K views06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 07:01:28
Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің құрамына кірді

Ол қордың тәуелсіз директоры болып сайланды.

t.me/kaznurkz
1.4K views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 13:21:58
Алматы коронавирус бойынша "сары" аймаққа өтті

4 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес Алматы "сары" аймаққа өтті.

t.me/kaznurkz
1.5K viewsedited  10:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 11:25:36
Мәжит Шәріпов 4 шілде күні "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" басшысы қызметінен өз еркімен кетеді

Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды. Компанияның Директорлар кеңесі бұл қызметке кандидатураны іріктегенге дейін басқарма төрағасының міндетін өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов атқаратын болады.

t.me/kaznurkz
2.4K views08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 10:44:05
Биыл шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Шілде айында ел тұрғындары екі мейрам — Астана күні мен Құрбан айтты атап өтеді. Биыл 6 шілде Астана күні сәрсенбіге түседі, тиісінше азаматтар үшін демалыс күні болады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың алғашқы күні 9 шілде, сенбіге түседі. Дегенмен демалыс күні басқа күнге ауыстырылмайды.

Осылайша шілде айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айда 25 жұмыс күні мен 6 күн демалыс бар.

t.me/kaznurkz
2.5K views07:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 12:57:19
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Президент Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы сапар барысында Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті. Бұл – Сердар Бердімұхамедов президент болып сайланғаннан кейінгі екі ел басшыларының алғашқы бетпе-бет кездесуі. Осыған орай мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруын қабыл алғаны үшін ризашылығын білдіріп, осы саммитке қатысты ойын айтты. Түрікменстан президенті бәрімізге ортақ Каспийдің игілігі үшін бүгін келелі басқосу болатынын жеткізді.

t.me/kaznurkz
1.9K views09:57
Ашу / Түсініктеме