Get Mystery Box with random crypto!

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары K
Telegram арнасының логотипі kaznurkz — KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Арна мекенжайы: @kaznurkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.39K
Арнадан сипаттама

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2023-02-09 00:07:30
"Реал Мадрид" клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты.

Жартылай финалдың екінші матчында египеттік "Әл-Ахли" мен испаниялық "Реал Мадрид" кездесті.

Тартысты өткен ойында Карло Анчелоттидің шәкірттері жеңіске жетті. Есеп 1:4.

Гол авторлары: Винисиус Жуниор, Федерико Вальверде, Родриго, Серхио Аррибас - Али Маалуль (он бір метрлік айып добынан).

Осылайша, "Реал Мадрид" Мароккода өтіп жатқан клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалына жолдама алып отыр.

Енді карольдік клуб ақтық мәреде Сауд Арабиясының "Әл-Хилаль" командасымен кездеседі.

Финал 11 ақпан күні болады деп жоспарланған.


Фото: Twitter/Real Madrid C.F
t.me/kaznurkz
6 views21:07
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 17:46:37 Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен үш қазақстандықтың түрік досы Кубилай Кескин де аман-есен табылған.

Хатай провинциясының Антакья қаласында қалған екі отандасымызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен қазақстандықтардың бірі - Сабина Мамадьярованың аман-есен табылғаны хабарланған еді.

t.me/kaznurkz
203 views14:46
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 17:15:56
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен қазақстандықтардың бірі - Сабина Мамадьярова аман-есен табылды.

Бұл туралы зілзаладан кейін хабарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған топ өкілдері хабарлады.

Ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров та растады.

t.me/kaznurkz
290 viewsedited  14:15
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 15:20:22
Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады.

t.me/kaznurkz
42 views12:20
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 13:13:06 Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 7 мыңнан асты

Түркия Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) дерегінше, зілзаладан көз жұмғандар саны 7 108 адамға жетті, тағы 40 910 адам зардап шеккен.

Сондай-ақ 5 775 ғимарат қираған. Апат аймағының тұрғындары үшін 50 818 шатыр орнатылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 79 110 адам жұмылдырылған.

t.me/kaznurkz
160 views10:13
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 10:25:22
Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы көмек көрсету үшін Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды.

t.me/kaznurkz
28 views07:25
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 08:42:24
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Сонымен қатар президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

t.me/kaznurkz
173 views05:42
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 07:05:23
Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады.

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық құтқарушылардың тағы бір тобы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға ұшады.

Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық топтар бар.

ТЖМ қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатынын атап өтті.

Түркияға көмек көрестуге тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.

t.me/kaznurkz
107 views04:05
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 06:04:04 Мемлекет басшысы үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

t.me/kaznurkz
154 views03:04
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 05:33:29
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 7144-ге дейін өсті.

Соңғы деректер бойынша Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адам саны 5 894-ға, жарақат алғандар саны 34 810-ға жеткен.

Сирияда қаза тапқандар саны 1250-ге, жараланғандар саны 2054-ке дейін артқан.

Еске сала кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Ол көршілес елдерде оның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

t.me/kaznurkz
222 viewsedited  02:33
Ашу / Түсініктеме