Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде сахабалар Пайғамбарымыздың | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде сахабалар Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құзырына шарап ішкен біреуді әкелді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге: «Оны соғып, жазасын беріңдер», – деп бұйырды. Сонда біреулер қолымен, біреулер аяқ киімімен, енді біреулер үстіндегі киімімен жабылып есін жиғанша ұрдық. Содан әлгі адам тиісті жазасын алып, кетіп бара жатқанда, кейбіреулер оның артынан: «Аллаһ сені қара бет қылсын!» – деп қарғады. Мұны естігенде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Олай айтпаңдар! Оған лағынет айтып, шайтанға болыспаңдар», – деп қатаң ескерту жасады», – деген .

(Бұхари, худуд 4).

@hadister_jinagy