Get Mystery Box with random crypto!

-БАП ӘЛЖУАЗ, ПАҚЫР ӘРІ ҚАРАПАЙЫМ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

ӘЛЖУАЗ, ПАҚЫР ӘРІ ҚАРАПАЙЫМ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ


«Сабырлылық танытып, жан-тәнімен Раббыларының разылығын қалап ертелі-кеш дұға жасайтындармен (қарапайым мүміндермен) бірге бол. (Олардан дәулеті асқан, дәрежесі артық әлдекімдерге көңілің ауып), оларды көзге ілмей қойма».

(«Кәһф» сүресі, 28-аят).

-ХАДИС:


Хариса ибн Уәһб (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сендерге кімдердің жұмаққа баратынын айтайын ба? Өзі әлжуаз әрі елеусіз болса да, Аллаһтың атымен ант етсе, ішкен антын Аллаһ тағала жалғанға шығармайтын әрбір адам жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімдердің тозаққа кіретінін айтайын ба? Әрбір озбыр, дөрекі, сараң әрі тәкаппар адам тозаққа кіреді», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Бұхари, әйман 9/әдәб 61; Муслим, жаннат 47).

@hadister_jinagy