Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.): «Бір кездері Пайғамбарымыздың (са | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір кездері Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітін қара нәсілді бір әйел (немесе жас жігіт) сыпырып, тазалап тұратын еді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) біраз уақыт әлгі әйелді (немесе жас жігітті) көрмеген соң сахабаларынан оның қайда екенін сұрайды. Сахабалар: «Ол қайтыс болған еді», – дейді. Мұны естігенде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Маған неге естіртпедіңдер?!» – деп мұңаяды.
Шындығында, сахабалар әлгі қызметшінің өліміне онша мән бермеген еді. Содан Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мені оның басына ертіп апарыңдар», – деп бұйырады. Сахабалар оны бейіт басына апарғанда, марқұмның қабірінің басында тұрып, жаназа намазын оқиды. Содан кейін: «Шынында, мына қабірлердің іші тастай қараңғы болады. Расында, Аллаһ тағала менің оқыған намазым арқылы олардың жатқан жерін жарық етіп, қабірлерін нұрға бөлейді», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жәнәйз 67; Муслим, жәнәйз 71).

@hadister_jinagy