Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Аллаһ тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе (47), Аллаһ тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Аллаһ тағала екі дүниеде де оның айыбын жасырады. Сондай-ақ, Аллаһтың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Аллаһ тағала да құлына жәрдем етуін тоқтатпайды. Ал кім білім іздену жолына түссе, Аллаһ тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Аллаһтың үйлерінің бірінде бас қосып Құран оқып, оны өзара талқылап түсінуге тырысқан қауым жан тыныштығы мен Раббыларының шексіз мейіріміне бөленеді де, оларды
періштелер айнала қоршап алады. Сондай-ақ, Аллаһ тағала құзырындағыларға олар жайлы мақтау айтады. Игі істері жеткіліксіз болып, артта қалған пендені тектілігі көш ілгері ете алмас» (48), – деп айтты» – делінген.

(Муслим, зикр 38).


(47) Яғни, қарызын кешсе немесе асықпай күтсе
(48) Яғни, о дүниеге барғанда сауапты істері жеткіліксіз болған пендеге пәни дүниедегі тектілігі мен атағы, абыройы мен беделі ешбір пайда бермейді.

@hadister_jinagy