Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызметш | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызметшісі, әрі Суффа тұрғындарының бірі болған Әбу Фирас Рабиға ибн Ка’б әл-Әсләми (р.а.): «Әдетте, мен түнімен Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында болып, оған дәрет суын жеткізіп, басқа да шаруаларына қолқабыс ететін едім. Бірде ол маған: «Менен (қалағаныңды) сұрағын», – деді. Мен: «Жаннатта сізбен бірге болуды қалаймын», – дедім. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Одан басқа қалауың жоқ па?» – деді. Мен: «Жалғыз қалауым – сол», – дедім. Сонда ол: «Олай болса, көп намаз оқып, өзің үшін маған жәрдем ет», – деп айтты», – деген.

(Муслим, саләт 226).

@hadister_jinagy