Get Mystery Box with random crypto!

-БАП АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТУ «Мүміндер тек қана Аллаһқ | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТУ


«Мүміндер тек қана Аллаһқа
тәуекел етсін»
(«Ибраһим» сүресі, 11-аят).

«Егер бір іске бел байласаң, Аллаһқа тәуекел ет. Сөзсіз, Аллаһ тәуекел етушілерді жақсы көреді»
(«Әли Имран» сүресі, 159-аят).

«Асылында, нағыз мүміндер
Аллаһтың аты еске алынғанда, жүректері толқиды, аяттары оқылғанда, имандары артады әрі олар Раббысына барынша тәуекел етеді»
(«Әнфәл» сүресі, 2-аят).

-ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Маған (өткен пайғамбарлар мен олардың) үмбеттері көрсетілді. Бір пайғамбарды көрдім, жанында саусақтың санына да толмайтын бірнеше адам бар. Тағы бір пайғамбардың қасында бір-екі серігі ғана қараяды. Енді бір пайғамбардың соңынан ерген бірде-бір тірі жан жоқ. Кенет көз ұшында қарасы көп топ көрінді. Мен оларды өзімнің үмбетім екен деп қалдым. Сонда маған: «Бұл — Мұса мен оның үмбеті. Сен анау
көкжиекке қара», — деген дауыстан айтылған жаққа көз тастағанымда, қалың нөпір көрінді. Сөйткенше маған: «Енді келесі көкжиекке қара», – делінді. Ол жақтан да сондай қалың шоғырды көзім шалды. Сонда маған: «Міне, бұлардың барлығы — сенің үмбетің. Олардың ішінде есепке тартылмаcтан, азап шекпестен тікелей жұмаққа кіретін жетпіс мың адам бар», – деп айтылды», – деді де, орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті. Сол-ақ екен, сахабалар әлгі есепке, азапқа тартылмастан жұмаққа кіретіндердің кімдер екені жайлы әңгіме қозғай бастады. Кейбіреулер: «Мүмкін, олар Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары шығар», – десе, енді біреулер: «Бәлкім, олар туғаннан Исламның аясында өмір кешіп, еш уақытта Аллаһқа серік қоспағандар болар», – десті. Бұған қоса, басқа да түрлі пікірлер айтқандар болды. Олар осылайша қызу әңгіме үстінде отырғанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйінен шығып, олардан: «Не жайлы әңгімелесіп отырсыңдар?» – деп сұрады. Сахабалар оған өздерінің қозғап отырған тақырыбы жайлы айтқанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Олар үшкіріп дуа оқымайтындар мен оқытпайтындар, ырым-жоралғыға сенбейтіндер және тек қана Раббыларына тәуекел ететіндер», – деп айтты. Сол кезде Уккаша ибн Михсан атты сахаба орнынан қарғып тұрып: «Уа, Расулаллаһ! Менің де солардың ішінде болуым үшін Аллаһқа дұға етіңіз», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сен солардың ішінде боласың», – деді. Мұны естігенде тағы бір сахаба орнынан тұрып: «Уа, Расулаллаһ! Аллаһқа мені де солармен бірге қылуы үшін дұға етіңіз», – деді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Бұл мүмкіндікті Уккаша сенен бұрын пайдаланып қойды», – деп айтты», – деген

(Бұхари, риқақ 50; Муслим, иман 374).

@hadister_jinagy