Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ( | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жұмақ сендерге аяқ-киімдеріңнің бауынан да жақын. Тозақ та сол сияқты жақын», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, риқақ 29).

Түсініктеме: Яғни, ажал пендеге қалай жақын болса, жұмақ пен тозақ та сондай жақын. Адам баласы иман, ниет, ізгі амал мен құлшылық арқылы жұмаққа барар жолға түсетіні секілді, тойымсыз нәпсінің қалаулары мен тән құмарлықтарының соңында кету арқылы да тозаққа кіруге лайық болады. Һәм адам баласы қандай ісімен жұмаққа немесе қай ісімен тозаққа кіретінінен бейхабар, сондықтан пенде мен жұмақтың немесе тозақтың арасында оның ажал сәті соққанда, қандай жағдайда немесе қандай амалдың үстінде дүниеден озғандығы тұрады. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласы қандай амалдың үстінде көз жұмса, сондай жағдайда қайта тіріледі», – деп айтқаны да бар.

@hadister_jinagy