Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2022-02-15 19:09:56 -БАП

ҚҰЛШЫЛЫҚТА ОРТА ЖОЛДЫ ҰСТАНУ


«Таһа. Біз саған Құранды машаққат үшін түсірмедік».
(«Таһа» сүресі, 1-2-аяттар).

«Аллаһ тағала сендеге жеңілдік қалайды, ауыртпалыққа салғысы келмейді».
(«Бақара» сүресі, 185-аят).

-ХАДИС:


Әнәс (р.а.): «Бірде үш кісі Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пәк жұбайларына соғып, олардан Расулаллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйде қалай құлшылық ететіні жайлы сұрады. Сөйтіп, олар Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құлшылығынан хабардар болған соң, естігендерін өздерінше азырқанып: «Пайғамбардың қасында біз кімбіз? Оның бұрынғы және болашақтағы күнәлары түгелдей кешірілген ғой», – десті. Содан олардың біреуі: «Мен бұдан былай түнімен көз шырымын алмастан намаз оқитын боламын», – деді. Тағы біреуі: «Бұдан былай өмір бойы үзбей ораза ұстаймын», – деді. Енді біреуі болса: «Мен де бұдан былай әйел атаулыға жоламаймын, ешқашан үйленбеймін», – деді. Мұны естіген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға барып: «Анадай-мынадай істеймін деп айтқан сендерсіңдер ме? Аллаһтың атымен ант етейін! Мен Хақ тағаланы бәріңнен де қатты құрмет тұтамын, әрі Одан бәріңнен де қатты қорқамын. Сөйте тұра, кей күндері ораза ұстап, кейде ұстамаймын. Түнде тұрып намаз оқимын әрі жатып тынығамын. Сондай-ақ, үйленіп отау құрамын. Кімде-кім менің жолымнан бас тартса, менің жағымда (маған ерушілерден) емес», – деп үшеуіне де қатаң ескерту жасады», – деп айтты.

(Бұхари, никах 1; Муслим, никах 5).

@hadister_jinagy
178 viewsedited  16:09
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 19:07:49 -ХАДИС:

Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Садақа беру – әрбір мұсылманның міндеті», – дегенде, Әбу Мұса: «Егер садақа беретін жағдайы болмаса ше?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өз қолымен еңбек етіп, бір жағынан, өзіне пайда келтіріп, екінші жағынан садақасын береді», – деп жауап берді. Әбу Мұса: «Ал егер оған да мүмкіндігі болмаса ше?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Таршылық көрген мұқтажға қолұшын созсын», – деді. Әбу Мұса үшінші рет: «Бұл да қолынан келмесе не істейді?» – деп сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Онда адамдарды жақсылыққа (немесе
қайырлы іс жасауға) шақырсын», – деді. Әбу Мұса тағы да: «Егер бұл да қолынан келмесе ше?» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ендеше жамандық атаулыдан бойын аулақ ұстасын, өйткені ол да садақа», – деп жауап берді» – делінген.

(Бұхари, зәкәт 30; Муслим, зәкәт 55).

@hadister_jinagy
278 viewsedited  16:07
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 18:29:01 -ХАДИС:

Ади ибн Хатимнен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жарты құрмамен болса да, (садақа беру арқылы) тозақ отынан сақтаныңдар», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, зәкәт 10; Муслим, зәкәт 67-70).

@hadister_jinagy
380 views15:29
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 17:56:59 -ХАДИС:

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман адамның отырғызған жеміс ағашынан адамдар, жан-жануарлар немесе құстар жейтін болса, әлгі мұсылманға (отырғызған ағашы қурап қалғанша) қиямет-қайымға дейін садақа есебінде сауап жазылатын болады», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, мусақат 10).

@hadister_jinagy
247 viewsedited  14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 17:53:47 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларына: «Аллаһ тағаланың күнәларыңды кешіріп, дәрежелеріңді өсіруіне себепші болатын істі айтайын ба?» – деді. Сахабалары: «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі, айтыңыз», – десті. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Дәрет алу, қиынға соққан кезде де дәретті толық алу. Мешіттерге апаратын жолды тоздыру және бір намаздан кейін келесі намаздың уақытын асыға күту. Міне, (шекара күзеткен қырағы сарбаз сынды күнәға бастайтын нәпсіге қарсы) әрдайым бекіністе (яғни, сергек) болып Аллаһпен байланысты үзбеу деген осы», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, таһарат 41).

@hadister_jinagy
222 viewsedited  14:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 17:56:16 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бір кісінің мұсылмандарға кедергі жасап, жолдың қақ ортасында өсіп тұрған бір талды кесіп тастағаны үшін жұмақтың сансыз нығметтеріне бөленіп, шалқып жүргенін көрдім»,
– деп айтты», – делінген.

(Муслим, бирр 29).

@hadister_jinagy
209 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 18:11:44 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бірде аңқасы кеуіп сусаған жолаушы жол үстінде бір құдыққа тап болады. Құдыққа түсіп, шөлін қандырып шықса, бір ит шөліркегені соншалық — тілі салақтап, суға жете алмай (дымқыл тартқан) жерді жалап тұр екен. Сонда ол ішінен: «Мына байғұс ит те мен секілді қатты шөлдеген екен ғой», — деп, құдыққа қайта түседі. Қолында ыдысы болмаған соң, аяқ-киіміне су толтырып алып, аузына тістеген күйі құдықтан шығып, әлгі итке су береді. Аллаһ тағала оның бұл ісіне дән риза болып, алғыс ретінде оның күнәларын түгелдей кешіреді», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жан-жануарларға жақсылық жасау арқылы да сауап аламыз ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрине, әрбір тіршілік иесіне жасалған жақсылық сауап ретінде жазылады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, мусақат 9; Муслим, сәләм 153).

@hadister_jinagy
94 viewsedited  15:11
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 19:01:47 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): Иман жетпістен немесе алпыстан астам тармақтан (дәрежеден) тұрады. Ең абзалы – «лә иләһә иллаллаһу» (Аллаһтан басқа тәңір жоқ) деп айту. Ең төменгі дәрежесі — жол үстіндегі (адамдарға) кедергі келтіретін нәрселерді алып тастау. Ар-ұят та иманның бір тармағы», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, иман 3; Муслим, иман 58).

@hadister_jinagy
134 viewsedited  16:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 20:06:36 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, мұсылман әйелдер! Көрші әйел құдайы көршісіне қойдың қу сирағын берсе де, жақсылық жасаудың ешбір түрін қомсынбасын», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, һибә 1/әдәб 30; Муслим, зәкәт 90).

@hadister_jinagy
394 views17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 18:41:48 -ХАДИС:

Әбу Зәрр (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: «Мұсылман бауырыңды жарқын жүзбен қарсы алу да болса, ешбір жақсылықты (сауапты) азырқанба», – деп айтты», – деген.

(Муслим, бирр 144).

@hadister_jinagy
382 viewsedited  15:41
Ашу / Түсініктеме