Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Зәррдан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ( | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Зәррдан (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала:

«Құлдарым! Мен зұлымдықты өз-өзіме харам қылдым (ешкімге қиянат жасамаймын). Сондай-ақ, оны сендер үшін де харам еттім. Ендеше, бір-бірлеріңе әсте зұлымдық жасамаңдар.

Құлдарым! Мен кімді тура жолға салған болсам, одан басқаларың жаппай адасудасыңдар, сондықтан Менен тура жолды сұраңдар, сендерді тура жолға
түсірейін.

Құлдарым! Менің ризық беріп, қарнын тойдырғандарымнан өзгелерің түгел аш құрсақсыңдар (берер ризығыма мұқтажсыңдар). Олай болса, Менен ризық сұраңдар, сендерге ризық берейін.

Құлдарым! Менің киіндіргендерімнен өзгелерің жалаңашсыңдар. Ендеше, Менен киім сұраңдар, сендерді киіндірейін.

Құлдарым! Сендер күндіз-түні күнәға бой алдырудасыңдар. Ал Мен күнәлардың барлығын кешіремін. Ендеше, күнәларың үшін кешірім сұраңдар, күнәларыңды кешірейін.

Құлдарым! Сендер Маған зәредей де зиян тигізе алмайсыңдар. Сондай-ақ, Маған (қанша қаласаңдар да) ешбір пайда да келтіре алмайсыңдар.

Құлдарым! Дүниеге алғаш келгендерің мен соңғыларың, барлық адамдар мен жындар іштеріңдегі ең тақуа құлдың жүрегіндегі тақуалыққа жетсе де, одан Менің мүлкім көбеймейді.

Құлдарым! Сондай-ақ, дүниеге алғаш келгендерің мен соңғыларың, күллі адамзат пен жындар ең күнәһар пенденің жүрегіндей күнәһар болса, одан Менің мүлкім мысқалдай да кемімейді.

Құлдарым! Дүниеге алғаш келгендерің мен соңғыларың, күллі адамзат пен жындар бір жерге жиылып, әркім Менен өзінің қажетін сұраса, Мен де олардың
сұрағандарын түгелдей берсем, одан Менің мүлкім теңізге батырған иненің ұшына тұнған тамшының мөлшеріндей де кемімейді.

Құлдарым! Міне, сендердің жасаған амалдарың, Мен оларды (сендер үшін) түгелдей жазып алудамын. Кейін сол амалдарыңның қарымын толық қайтарамын. Сол кезде кім жақсылық көрсе, Аллаһқа шүкіршілік етсін. Ал кімнің жағдайы басқаша болса, өзінен басқа ешкімді кінәламасын», – деп айтты», – деген.

(Муслим, бирр 55).

@hadister_jinagy