Get Mystery Box with random crypto!

ERBOLAT MUHAMEDJAN

Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN E
Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN
Арна мекенжайы: @erbolatmuhamedjan
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.78K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2023-04-26 12:18:12 Кезінде депутаттар білім саласын қайта-қайта сынайтын. Қазір қараймын үн жоқ. Тып-тыныш. Бұл салада проблема жоқ сияқты. Тіпті комунистердің депутаты екі күннің бірінде запрос жасайтын. Қазір ол кісі де үндемейді.

Әлеуметтік комитет осындай да білім саласындағы елдік мәселелерді ашық көтергеннің орнына үнсіздік танытуда. Менің ойымша, Асхат Аймағамбетов осы комитетке барған кезінде көбісі білім саласындағы мәселелерді, сұрақтарды ашық көтереді деп ойлады. Ал сенім дегеннің маңызды зат екенін депутаттар бірінші түсінуі керек. Сайлаудың алдындағы уәделердің, сөйлеген сөздердің барлығы жазулы. Анализ жасап қойсаңыздар да болады өздеріңізде.

Енді комитетке ашық сұрақ: бұл салада проблемалар жоқ, барлығы шешілген соң көтермейсіздер ме, әлде басқа да бір себеп бар ма?!

Сілтеме:

https://www.facebook.com/1578803826/posts/pfbid028YrTeV7yDvn54iTXwgAf2QG1UJ3rewcrK1xMcWmh2DDKz5spLdVngrr2TCeRF8JAl/?mibextid=kdkkhi
177 views09:18
Ашу / Түсініктеме
2023-04-23 22:10:37
Пікірсайыс мен үшін өмірлік философия. Пікірсайыспен философия егіз ұғым сияқты. Ұзақ жылдар пікірсайыспен айналысқандықтан, соған көзім нақты жетті. Сол үшін де пікірсайысшыларды жаңа заманның ойшылдары деп сенімді түрде айта аламын. АҚШ және Ұлыбритания сияқты әлемнің дамыған елдерінде әрбір саясаткері пікірсайыс мектебінен өткен.

Пікірсайысшылар, этика мен құндылықты бірінші орынға қояды. Кез келген мәселенің дұрыс шешімін айтудан ешқашан қорықпайды. Олар жалпы өмірде де сондай адамдар. Сондықтан пікірсайысты елдік деңгейде дамыту қажет деп шешім қабылдадым.

Барлық деңгейдегі Пікірсайысшыларды бір ту астында бірігіп, пікірсайыс қозғалысын бірге дамытуға шақырамын. Жақын аралықта нақты жаңалықпен бөлісемін. Оған дейін назарларыңыз бізде жүрсін.

P.S. Роликте жақында ғана Алматы қаласында TEO CUP Республикалық турниріндегі сөйлеген сөзімнің бір бөлігі.
1.3K views19:10
Ашу / Түсініктеме
2023-04-22 08:57:17 Журналист Ерболат Мұхамеджан Абай облысының әкімін сынға алды. Айтуынша, әкім ретінде әлсіз, мінезі жоқ.

https://kaz.globalnews.kz/taza-sheneunik-abaj-oblysyny-kimi-syn-a-shyrady/
517 viewsedited  05:57
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 22:55:02 Мен Семей қаласында туғанмын. Ол кезде Семей облысы еді. Кейін Шығыс Қазақстанға қосылды. Қазір Абай облысы. Тағайындалғанына бір жыл болған Абай облысының әкімі мүлдем әлсіз. Таза шенеунік. Астанадан келген соң жаңашылдықпен келу керек еді. Деңгейіне қатысты…
50 views19:55
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 22:44:51 Мен Семей қаласында туғанмын. Ол кезде Семей облысы еді. Кейін Шығыс Қазақстанға қосылды. Қазір Абай облысы.

Тағайындалғанына бір жыл болған Абай облысының әкімі мүлдем әлсіз. Таза шенеунік. Астанадан келген соң жаңашылдықпен келу керек еді. Деңгейіне қатысты сұрақтар көп. Мінез жоқ. Өзінің қалай әкім болғанын әлі түсінбей жүрген сияқты. Өзім куә болған бір мысалды айтайын. Былтыр жазда Үржар ауданы жақтағы Алакөлге демалысқа бардым. Ауданға облыс әкімі Уранхаев келеді деген ақпаратты естідім. Кейін келді, Інжу деген ең қымбат демалыс үйінде жатыр деді, сыртынан өзім де көрдім. “Мынау әкім қызық екен, облыс әкімі келген соң бірден проблемаларды қараушы еді” деп ойладым. Бірақ аудан қатты дайындалған, аудандық кейбір мектептер, ауруханалар дайындалғаны соншалықты, қызметкерлері 1-2 апта өздерінің негізгі жұмыстарын ұмытқан. Жақсы дайындалды дейік, облыс әкімі қандай әрекет жасады деп ойлаймыз ғой. Әкім бір жұма Алакөлде демалады, кетерінде жарты күннің ішінде протокольно бір-екі жерге кіреді. Тіпті мекемелердің ішіне кіріп проблемаларды да анықтамайды. Сол күйі қайтады. Ең ашуым келгені, мұғалімдер мен дәрігерлерді жынды қылып қоятындары. Сол кезде эмоциямен жазайын деп ойладым да, құрсыншы бір уақыты келер дегем. Бүгін Президенттің әкімдер жаяу жүрмейді, өз аяқтарымен проблеманы көрмейді дегені, осы бір мысалды дәлелдеп тұрғандай.

Ашығын айту керек, біздің өңір, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы да бір дұрыс әкімге жарымады. Әрқайсысы келген сайын, командасымен келеді. Халық арасында “облыс әкімінің адамы” деген легенда жүреді. Легенда дейін десең, тендерде тек солар ұтқанын байқайсың. Келесі әкім келгенде оларда проблема басталады, басқа бір адамдар өз жағдайын жасап бастайды. Оған халықта үйренді. Бір жолды 15-20 жыл болды жасап келе жатқандарына. Тағы бір мысал, ауызсуға бөлінген қаражат желінеді, Аягөздегі таза ауызсуға 2 млрд бөлінеді, бірақ ауызсу жоқ. Оған да халық үйренді. Себебі, сот жоқ. Аудан әкімдері өздерін король сияқты сезінеді. Себебі, облыс әкімі өзін солай ұстайды. Егер сыбайлас жемқорлық агенттігі қолымда болса, бірінші Шығысты тексертуші едім.

Кәдімгідей жаның ашиды. Жүрегің ауырады. Обал. Әкімдердің жалақысын жақсы білеміз. Бірақ, олар қымбат коттеджде, қымбат көліктері болса, қоғамда оларға қатысты сұрақтың туындауы заңдылық деп ойлаймын.
74 viewsedited  19:44
Ашу / Түсініктеме
2023-04-16 22:25:52
Пікірсайыс. Жаңа заманның ойшылдары пікірсайысшылар дер едім. Студент кезімде дебат ойындары үшін ішкен асымды жерге қоятынмын. Мен үшін, пікірсайыстың маңыздылығы өте жоғары болды. Ашығын айтсам, көп нәрсеге үйретті. Мықты орта болды. Біраз достар таптым. Демократиялық қоғамды қалыптастыруда пікірсайыстың әсері жоғары. Шамамен 10 жылдай кәсіби түрде пікірсайыспен айналыстым. 1 курстан бастап университеттің пікірсайыс клубының жұмысын жүргіздім. Ірі республикалық турнирлердің чемпионы атандық.

Тек турнирге қатысып қоймай, студент кезімізде командамызбен еліміздегі ең ірі республикалық турнирді (ТЭО CUP) дәстүрлі түрде ұйымдастыруды қолға алдық. Қазіргі таңда Қазақстандағы ең абыройлы турнирлердің бірі болып саналады. Кейін Жаңаөзенде, Атырауда, Шымкентте, Астанада бірнеше турнирлерді ұйымдастырдық.

Біздің кезімізде, ұлттық пікірсайыс орталығы өз жұмысын ресми түрде тоқтатқан еді. Біз клуб ретінде, мектеп лигасын да қолға алып арнайы тренингтер де өткіздік. Шынын айтсам, сол кезеңде бізге ешкім қаражатта бөлмейтін. Және оның барлығын белгілі бір атақ үшін емес, пікірсайысқа деген құрмет үшін жасайтынбыз.

Қазіргі таңда шәкірттеріміз түрлі салада қызмет жасауда.

Пікірсайыстан алған құндылықтарым бойынша алдағы уақытта ойыммен сіздерге бөлісемін.

Қазіргі күні, жас пікірсайысшылар хабарласып осы саланы толығымен қолға алуымызға өтініш білдіруде. Әрине, бірнеше жобаларым болса да бұл ұсыныстардан бас тарта алмайтын сияқтымын. Пікірсайыстан аларымызды алдық, енді нағыз көмектесетін уақытымыз келді.
1.0K views19:25
Ашу / Түсініктеме
2023-04-15 07:49:33 JIBEK JOLY телеарнасындағы JJ TALK авторлық жобамда Ғылым саласындағы мәселелерді танымал жас ғалымдарымызбен ашық талқылаған едік. Президент мырзаның ғылым саласына қатысты көтерген мәселелерін жан-жақты талдадық.

Көрермендер бағдарламада айтылған ойлардың ұнағаны туралы пікірлер жазып жатыр. Алдағы уақытта осы мәселені өзімнің жеке ютуб арнамда кеңінен талқылауды ұсынуда. Сол туралы қазір ойластырып жатырмын. Өздеріңіз білесіздер, мен кез келген тақырыпты толығымен зерттемейінше эфирге шығармаймын. Ол менің принципім деуге болады. Ғылым мәселелері тақырыбын алдағы уақытта тұрақты түрде зерттейтін боламын. Министрліктің жұмысын ашық түрде зерттейтін ойым бар. Жалпы барлық қаражаттарын зерттейтін уақыт келді. Ғалымдар сол эфирде сұмдық ақпараттарды айтты. Менің ойымша, біз ақпараттарды ашық талқылауымыз керек.

Журналист достарым ғалымдарымызды ашық түрде қолдап, мәселелерін ашық түрде көтеруге шақырамын!
1.2K views04:49
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 22:05:22 Біздің министрлер сондай сентиментальный. Кез келген сынды жүрекке жақын алады. Мүмкіндік берсе журналистерге ақыл айтқысы келіп тұрады. Енді одан сайын сол саладағы проблемаларды детально зерттеуге тура келіп тұр.
1.5K views19:05
Ашу / Түсініктеме
2023-04-11 22:49:57 Саясатқа шынымен келдің бе, қоғамның сынынан қашпау керек. Келсін келмесін ашуға берілмеу керек. Әрбір сын айтқан адамды жау ретінде көрмеуің керек. Байқағаным, біздің мемлекеттік қызметтегі де, депутаттардың да, тіпті қоғам белсенділерінің де негізгі проблемасы осы. Тез ренжиді. Көңіліне алып қалады. Көңілшек болса, саясатта несі бар деп ойлайсың.

Саясатта шынайы болмасаң, халық кешірмейді. Сені көтерген халық, сені ертең құлататын да халық. Осыны түсініп алмай, саясатта көңілшек болу керісінше зиянын тигізеді.

Саяси іс, әрқашан салқынқандылық пен сабырды талап етеді.

P.S. Кез келген мемлекеттік немесе саяси жоғаы қызметте болған адамдардың, қызметтен кеткен соң жүндері жығылып, дауысы бәсең шығып, суға салған мысық сияқты болып қалғанын байқаймын. Алшаңдап еркін жүру үшін, осы бастан ел үшін пайдалы пікірлерді айтып үйренгендері дұрыс.
113 views19:49
Ашу / Түсініктеме
2023-04-11 20:40:03 Осы жолғы сайланған депутаттар өздерінің дәрменсіз, әлсіз, әрі қорқақ екендіктерін дәлелдеуде. Бұл депутаттардың көбісінің біліктілік деңгейіне күмәнім бар.

Заңды білмейтіні былай тұрсын, депутаттың қарапайым миссиясы мен функциясын білмейтінін байқаудамыз. Егер кез келгенінен сұхбат алу мүмкіндігі болса, біраз деңгейлерін анықтауға болады.

Халықтың қалаулысы болып сайланған соң, мәселені жеткіземіз деп барған соң айтқан уәделерінде тұрғаны дұрыс. Немесе мандаттарын абыройлары бар кезде қайтарғаны өздеріне қайырлы болар еді.
387 views17:40
Ашу / Түсініктеме