Get Mystery Box with random crypto!

JIBEK JOLY телеарнасындағы JJ TALK авторлық жобамда Ғылым сала | ERBOLAT MUHAMEDJAN

JIBEK JOLY телеарнасындағы JJ TALK авторлық жобамда Ғылым саласындағы мәселелерді танымал жас ғалымдарымызбен ашық талқылаған едік. Президент мырзаның ғылым саласына қатысты көтерген мәселелерін жан-жақты талдадық.

Көрермендер бағдарламада айтылған ойлардың ұнағаны туралы пікірлер жазып жатыр. Алдағы уақытта осы мәселені өзімнің жеке ютуб арнамда кеңінен талқылауды ұсынуда. Сол туралы қазір ойластырып жатырмын. Өздеріңіз білесіздер, мен кез келген тақырыпты толығымен зерттемейінше эфирге шығармаймын. Ол менің принципім деуге болады. Ғылым мәселелері тақырыбын алдағы уақытта тұрақты түрде зерттейтін боламын. Министрліктің жұмысын ашық түрде зерттейтін ойым бар. Жалпы барлық қаражаттарын зерттейтін уақыт келді. Ғалымдар сол эфирде сұмдық ақпараттарды айтты. Менің ойымша, біз ақпараттарды ашық талқылауымыз керек.

Журналист достарым ғалымдарымызды ашық түрде қолдап, мәселелерін ашық түрде көтеруге шақырамын!