Get Mystery Box with random crypto!

Саясатқа шынымен келдің бе, қоғамның сынынан қашпау керек. Кел | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Саясатқа шынымен келдің бе, қоғамның сынынан қашпау керек. Келсін келмесін ашуға берілмеу керек. Әрбір сын айтқан адамды жау ретінде көрмеуің керек. Байқағаным, біздің мемлекеттік қызметтегі де, депутаттардың да, тіпті қоғам белсенділерінің де негізгі проблемасы осы. Тез ренжиді. Көңіліне алып қалады. Көңілшек болса, саясатта несі бар деп ойлайсың.

Саясатта шынайы болмасаң, халық кешірмейді. Сені көтерген халық, сені ертең құлататын да халық. Осыны түсініп алмай, саясатта көңілшек болу керісінше зиянын тигізеді.

Саяси іс, әрқашан салқынқандылық пен сабырды талап етеді.

P.S. Кез келген мемлекеттік немесе саяси жоғаы қызметте болған адамдардың, қызметтен кеткен соң жүндері жығылып, дауысы бәсең шығып, суға салған мысық сияқты болып қалғанын байқаймын. Алшаңдап еркін жүру үшін, осы бастан ел үшін пайдалы пікірлерді айтып үйренгендері дұрыс.