Get Mystery Box with random crypto!

ERBOLAT MUHAMEDJAN

Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN E
Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN
Арна мекенжайы: @erbolatmuhamedjan
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.78K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2023-06-10 22:10:39
Өрт басталған күні той тойлатып жүрген облыс әкімі де жауапқа тартылып, қызметінен алып тастаған дұрыс. Өрт басталған соң 12 сағаттан кейін қимылдаған.

Осыған қатысты Абай облысының атынан сайланған мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновта осы деңгейі төмен әкімнің кетуін талап еткенін күтеміз.

Бұл әкім қолынан іс нашар келетін шенеунік екенін дәлелдеді.

P.S. Қайтыс болған 14 адамның қаны осындай шенеуніктердің мойнында…
1.7K views19:10
Ашу / Түсініктеме
2023-06-10 21:16:27
Мен өзім шығыстанмын, Семейденмін. Біз үшін шығыстағы ауыр жағдай көңілімізді түсірді.

Шығыстағы коррупция мен шенеуніктердің әлсіздігіне қатысты жергілікті тұрғындардың арасында сұрақ көп. Жыл сайын туған жерге барғанда кәсіпкерлердің көбісінің айтатыны облыста жүйелі шешімдердің іске аспауы. Президент қанша мүмкіндіктер берсе де, жергілікті әкімдер сол мүмкіндікті толығымен пайдаланбайды.

Осы болып жатқан облыстағы жағдай жергілікті облыс әкімінің әлсіздігін көрсетеді.

Ашығын айту керек, Президенттің шешімдері халықтың көңілінен шығуда. Соңғы уақыттағы кадрлық өзгерістер. Төтенше жағдай министрі болған Ильинді алып тастағаны дұрыс шешім болды.

Вьетнамға жоспарлаған ресми сапарын кейінге шегергені де өте орынды. Қазір қайғы-қасірет шегіп отырған елдің ортасында болуды жөн санағаны құптарлық. Ел аман болсын! Қаза болған азаматтардың отбасылары көмексіз қалмасын!
1.6K views18:16
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 08:54:50 Жастар ғылыми зерттеу орталығы.
Пост 2.

Мемлекеттік тапсырысты нарыққа берудің артықшылығы.

Біріншіден, нарықта ойыншылар көп. Сәйкесінше мемлекеттік орган ең мықты деген зерттеу орталығын таңдап алады.

Екіншіден, зерттеудің сапалы болуына мемлекеттік орган мүдделі болғандықтан белгілі бір топ үшін ғана ыңғайлы жауаптарды алмайды.

Үшіншіден, тапсырыс беруші кім болса да, осы зерттеудің нәтижесіне қызығушылық танытатын жастар ұйымдары бақылауда ұстау керек, және әрқашан сыни көзқарастарын жеткізуі қажет.

Төртіншіден, нарықтағы қандай зерттеу орталығы жасаса да репутациясы үшін әділ жасайды. Мысалы біз білеміз, халықаралық аудиторлық компаниялары немесе халықаралық зерттеу ұйымдары қанша қымбат қаражат төлесе де әділ жасайды.

Бесіншіден, қазіргі Жастар ғылыми зерттеу орталығы сияқты қажеті жоқ ұйымдар жабылады немесе нарыққа кетеді. Себебі бұндай ұйымдар зерттеуге зиянын тигізіп отыр. Мемлекеттік саясаттың әділ жүруіне кедергі жасап отырған мемлекеттік мекеме болып қала береді.

Менің ойымша, орталықтың қазіргі басшылығында зерттеу туралы түсінік, ғылыми пайым да жоқ сияқты.
2.9K viewsedited  05:54
Ашу / Түсініктеме
2023-06-05 12:47:40 Бізде Жастар ғылыми зерттеу орталығы деген мемлекеттік мекеме бар. Жыл сайын жастар мәселесін зерттеу үшін арнайы мемлекеттік тапсырыс алады. Бұл 2013 жылы қабылданған Жастар саясаты туралы заңға сәйкес құрылған мекеме. Егер еске түсірсек, аталмыш заңда жастар мәселесін зерттеу мақсатында жыл сайын Ұлттық баяндама жасалу керек болды. Біздің мемлекеттік орган, бір ғана баяндаманы жасау үшін арнайы Жастар деген атаумен орталық құрды. Зерттеудің жасалуына қатысты күмәнді сұрақтар бұрыннан бар болатын. Біраз сарапшылар, сол зерттеулердің сапасына қатысты сыни пікірлерін де естідім.

Менің ойымша, бұндай орталықты жауып, керісінше нарықтағы зерттеу орталықтарына берген әлдеқайда тиімдірек болар еді. Жаңа Әділетті Қазақстанда осындай байқамай құрылып кеткен, керісінше шығынға әкелетін мемлекеттік мекемелерді жапқан дұрысырақ болады.

P.S. Айтпақшы, осы орталықтың сайтына кіріп қарасаңыздар, мүлдем жаңартылмайтын сияқты. Ескі ақпараттар көп. Сосын бұлар, тіпті өздерінің негізгі миссиясынан ауытқып видеоподкаст түсіріп кеткендерін байқадым. Жалпы бұл мекеменің ботоферма болып жұмыс істегеніне де қатысты қаңқу сөздер бар.

Осы орталықтың басшысынан бастап кез келген сарапшысымен Жастар бойынша тақырыпты талқыласақ мәселені детально білмейтініне сенімдімін. Себебі көбісі, әлсіз.
2.7K views09:47
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 22:54:25
В сегодняшней программе JJ TALK, депутат Мажилиса Республики Казахстан, Айгүл Құспан, обозначила ключевые факторы ЕАЭС и пояснила, в чем заключается ценность данного союза. По ее мнению, интеграция для интеграции не для нашей страны. Мы выбираем интеграцию для экономики, а экономику для народа.

Для полного просмотра программы JJ TALK перейдите по этой ссылке.
3.6K views19:54
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 22:42:55
Председатель правления Института общественного развития Казахстана Нұрбек Матжани в программе JJ TALK телеканала Jibek Joly: "Выступления Президентов других стран, не важнее позиции нашей страны. Она у нас очевидная. Мы не планируем такой близкой интеграции."

Полный выпуск смотрите по этой ссылке.
3.0K views19:42
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 22:33:55
«Өзге елдердің терең интеграцияға баруы заңды, алайда нақ осы мәселені біздің Президентіміз: бізге осы деңгейдегі интеграцияның жеткілікті екенін әрі осы ретте ядролық қарудан да өз еркімізбен бас тартқанымызды шеберлікпен жеткізді», деді Нұрбек Матжани Jibek Joly телеарнасындағы «JJ Talk» бағдарламасында.
2.5K views19:33
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 20:56:33
"ЕАЭС создан только для экономической интеграции или это что-то большее?" В эфире программы JJ TALK телеканала Jibek Joly депутат Мажилиса Айгүл Құспан.

По словам Айгүл Құспан, уровень текущей интеграции в Евразийском экономическом союзе (ЕАЭС) полностью удовлетворяет Казахстан. По ее мнению, дальнейшее углубление интеграции уже не требуется, и это можно объяснить формулой, предложенной Президентом, которая звучит как "Две страны - одно государство".
Полный выпуск программы JJ Talk смотрите по этой ссылке.
2.6K views17:56
Ашу / Түсініктеме
2023-04-29 13:49:42
Mr. President, time for Hard Talk .

Деп айтпадым. Бірақ, ол кісі жазуды көріп жалпы “намекті” түсінді деп ойлаймын).

Қызық күн болды. Бүгін біздің Жібек Жолы телеарнамызға Президент келді. Телеарнамыздың жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап, ұжымның шығармашылық жұмысына сәттілік тіледі.

ҚР Президенті Телереадиокешенінің Бас директоры Раушан Қажыбаева Жібек Жолы телеарнасында қызмет етіп жатқан шығармашылық ұжымды таныстырып, сонымен қатар біздің соңғы үлгідегі жоғары сападағы технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген студиямызды көрсетті.

Ашығын айту керек, Қасым-Жомарт мырзаның қарапайым екенін байқадым. Алдағы уақытта сұхбатқа келіп жатса, қуанышты болар едім.
202 views10:49
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 12:09:54 Қарапайым ұстаздықтан бастап білім саласының танымал кәсіпкеріне айналған, Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы және бас директоры, Кембридж Университетінің білім магистрі Нұрмұхаммед Досыбаевтың 2023 жылда берген алғашқы сұқбатын тамашалаңыздар! Бұл подкастта сіздер Нұрмұхаммедтің қалайша 0-ден бастап өз арманындағы мектебін соққанын, мектеп ашамын деуші ағартушының қандай қиындықтарға кезігетінін, және тағы да басқа қызықты ақпарат ала аласыздар деп сенемін. Эфирді толық қарап шығып, өз пікірлеріңіз бен сұрақтарыңызды коммент ретінде қалдырып, басқаларына таратасыздар деген сенімдемін.



1.1K views09:09
Ашу / Түсініктеме