Get Mystery Box with random crypto!

ERBOLAT MUHAMEDJAN

Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN E
Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN
Арна мекенжайы: @erbolatmuhamedjan
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.78K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2023-02-28 09:05:11 ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы “Қорқыту”, 147-бабы “Жеке өмірге қол сұғу”, 158-бабы “Журналистік қызметке кедергі келтіру”, 202-бабы “Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” және 293-бабы “Бұзақылық” бойынша айып тағылуда.  Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды.

Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда “тапсырыстар” беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.

Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған. Бұл – автокөлікті өртеу, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсету мен шабуылдар жасау, DDoss шабуылдар.

Қылмыстық топ шабуылдарының басты мақсаты – журналистерді қудалауды имитациялау арқылы ҚР Президентін және ол жүргізіп отырған демократиялық реформаларды дискредитациялау. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.
6.1K views06:05
Ашу / Түсініктеме
2023-02-28 04:24:08
Мұхтар Тайжан 200 мың доллардан салық төледі ме? Толық нұсқасын төмендегі сілтемеге өтіп көре аласыз.



5.7K views01:24
Ашу / Түсініктеме
2023-02-27 14:27:52 Союз журналистов Казахстана объявил о проведении конкурса ко Дню журналистики
5.9K views11:27
Ашу / Түсініктеме
2023-02-27 14:22:44
https://youtube.com/@erbolatmuhamedjan ютуб арнасының жазылушылар саны 17 мыңға жетті. Біз үшін аз сияқты. Бірақ смм мамандардың айтуынша, бар-жоғы 13 видеомен 11 айдың ішінде жақсы көрсеткіш екен. Жалпы қаралым 1 млнға жетіп қалды. Әрине, біздің негізгі мақсатымыз қаралым немесе жазылушының саны емес. Ең бастысы көрерменнің ойында жүрген кейбір ашылмай жатқан сұрақтарға жауап алу. Егер шенеунік немесе партияның өкілдері, саясаткерлер, бизнесмендер ашық сұрақтардан қорықпаймын, кез келген сауалға дайынмын десе біздің есік әрқашан ашық.

Әзірге айтарым, сілтемеге өтіп каналға жазылып қойыңыздар).
5.5K views11:22
Ашу / Түсініктеме
2023-02-27 12:31:15 Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылау мәселелері баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамдардың, сондай-ақ осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің бұған дейін мақұлданған деңгейде сақталып отырғаны жөнінде мәлімет берілді. Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне 85 доллар болады деп жоспарланып отыр.

Премьер-Министрдің айтуынша, бюджет шығыстарын ішкі қайта бөлу және бюджет түсімдерін арттыру есебінен 2,2 триллион теңгені нақтылау жоспарланып отыр. Осы ретте шағын және моноқалаларды дамытуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға, елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге, жылумен қамту жүйелерін салуға және реконструкциялауға, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға, сондай-ақ ауыл халқын жаппай жұмыспен қамту үшін жағдай жасауға қосымша қаржы бөлу көзделген.

Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласын дамыту үшін жолдар салуға және реконструкциялауға қаржы бөлу, пойыздарды жаңарту, жолаушылар вагондарын сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларға, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін армияны жаңғыртуға және әскери қызмет жағдайын жақсартуға қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр.

Президент елдің дамуына әлеуметтік-экономикалық тұрғыда барынша оң ықпал ету мақсатында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
5.2K views09:31
Ашу / Түсініктеме
2023-02-26 22:12:09 Пікірсайыс. Біздің елдің қоғамдық-саяси өмірінде тек сайлау кезінде ғана дебат сөзі естіле бастайды. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Үкімет сағаты, мәжілістегі жиындар әрқашан дебат форматында өтсе демократиялық қоғамға деген талпыныс болар еді.

Біздің тұлғалық қасиетті қалыптастырудағы əсер еткен орта - пікірсайыс болатын. Əсіресе, "Таңдаулы экономистер одағы" пікірсайыс мектебінің үлесі баршылық. Өзім сол клубты алғашқы құрылған жылдары бірнеше жыл басқардым. Нархоз университетінің жанынан құрылған клубқа бүгінде 19 жыл толып отыр.

Пікірсайыс дегеніміз білім берудің ең үздік технологиясы. Əсіресе саясаттағылар үшін пікірсайыс өте қажет. Себебі бүгінгі күні өзекті мәселенің шешу жолын ұсыну үшін пікірсайыс технологиясын қолданған дұрыс деп есептеймін.

П.с. АҚШ президенттерінің басым бөлігі пікірсайыс клубтарынан шыққан. Біздің пікірсайыс клубынан да Қазақ елінің мүддесі үшін аянбай қызмет ететін азаматтар шығатынына сенемін!
6.2K views19:12
Ашу / Түсініктеме
2023-02-25 16:42:00
Сайлауға сақадай саймын .

Достар, менің де уақытым келген сияқты. Депутат болуға емес), жеке сұхбат жүргізу бойынша айтамын. Әрине жеке өзіме бірнеше адаммен талқылау жүргізу ұнайды. Осы күнге дейін https://youtube.com/@erbolatmuhamedjan каналында HardTalk айдарында талқылау форматында 10 шақты видеошығарылым жарияладық. Біраз адамның көңілінен шыққанын байқадым.

Ал енді кандидаттармен жеке сұхбаттарды жүргізуді ойлап отырмын. Қоғам үшін маңызды бірнеше сұрақтарға жауап алсам ба деген ойым бар. Әзірге каналға жазылып қоюға шақырамын!
7.8K views13:42
Ашу / Түсініктеме