Get Mystery Box with random crypto!

ERBOLAT MUHAMEDJAN

Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN E
Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN
Арна мекенжайы: @erbolatmuhamedjan
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.78K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2023-04-04 21:59:15
(Ерінбей, соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймын).
Біраз уақыт бұрын бір досым "түрлі салада “тұлғамын” деп жүрген адамдардан неге жекелей сұхбат алмайсың" деген еді.

Шынын айту керек, осы күнге дейін мен үшін ең қиын жанр - жеке сұхбат алу еді. Себебі, бір адамды толығымен ашып, оның деңгейінде сөйлесу үшін кәдімгідей ізденіс және шынайылық қажет. Кезінде отандық телеарнада 3-4 рет арнайы солай сұхбат алып көрдім, қателеспесем бағдарламаның атауы - Exclusive болды. Сол кезде байқағаным, біз көбінесе сұрақтарды дайындаумен және соның айналасында ғана шектеледі екенбіз. Сондықтан тек бір адамнан ғана сұхбат алуға жақындай бермейтінмін. Мен үшін, 3-4 адаммен дискуссия құру сұхбаттан қарағанда оңайырақ болды. Тіпті бір адамнан сұхбат алған жағдайда, оның өзін сол дискуссияға айналдырамын, соңғы сұхбаттарда байқаған боларсыздар.

Сонымен қатар, сұхбат берушіден ақша алмаймын. Мен үшін ол қатып қалған принцип. Себебі, абырой ақшадан да маңызды. Абыройыңды жоғалтсаң, қанша ақша болса да репутацияны қайтару өте қиын. Халық ақымақ емес, ақша алып сұхбат жасағаныңды бірден байқайды.

Америкалық зерттеушінің интервьюді қалай дұрыс жүргізуге қатысты жазған кітабын оқып шықтым. Кейбір, біз қарапайым деп қарайтын заттардың өзін жан-жақты талдап көрсеткен (америкалықтар сондай ғой өзі, барлық мәселе бойынша зерттеуді табуға болады). Тағы бір момент, сұхбат алуда келсін келмесін, барлығынан ала берудің қажеті шамалы. Біріншіден өзіңнің сол сұхбатты алуға ниетің болуы керек, екіншіден сол жеке сұхбаттан елге, қоғамға пайдасы тиюі маңызды.

P.S. Достарым, ютубтан менің каналыма өтіп, өзіңіз жазылып және басқаларды да жазылуға шақыруыңызды сұраймын. Маған қазіргі таңда басқа да сұхбаттарды жасауға сол мотивация береді. Сіздерден, донат жасаңыздар, ақша аударыңыздар деп сұрамаймын. Тек Ерболат Мұхамеджан каналының жазылушыларының көп болуына өз көмегіңізді тигізссеңіз болды. Сәттілік бізбен бірге!

https://youtube.com/@erbolatmuhamedjan
101 views18:59
Ашу / Түсініктеме
2023-04-03 09:27:44 Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.

Указом Главы государства Бектенов Олжас Абаевич назначен Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан. Он освобожден от должности Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы).

t.me/aqorda_resmi
142 views06:27
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 13:12:53 "Елді менсінбегенді, ел менсінбейді!"

Үш құрлықты иеленген Осман патшаларына "Тәкаппар болма патшам, сенен де ұлық Алла бар екенін ұмытпа" деп айқайлайтын рәсім болған.

Негізінде тәкаппарлық зияннан басқа түк те емес. Кейбір шенеуніктер (әсіресе министрлер) өз қателіктерін ашық мойындаған кезде ғана еститін үкіметті қалыптастыра аламыз. Тек естіп қана қоймай, дұрыс шешімді шығарған кезде сенім кредиті қайтады. Оған дейін бла-бла деп жазған постарынан ешқандай нәтиже болмайтынын түсінуі қажет.

Кейбір министр немесе әкімдердің пиарды қатты жақсы көретінін білеміз. Және қвлай қаражат бөлетінін де жақсы білеміз. Нәтижесінде сол пиар үшін біраз қаражат әртүрлі жолдар арқылы бөлінеді. Бірақ ол қаражат халыққа дұрыс ақпаратты жеткізумен емес, сол органның басшысын мақтауға кетеді. Бұл мүлдем тиімсіз қадам. Бастапқыда жақсы көрінуі мүмкін. Бірақ олардың тәкаппар бола бастауына алып келеді екен. Соңғы кезде кейбір журналист достарымыздың проблеманы ашық зерттеп бастауы көңілге сенім ұялатады. Біраз заттарды детально зерттеп бастады. Қазір зерттеуші достарымыз жаңадан сайланған депутаттарды, жаңадан тағайындалған министрлер бойынша фактілер жинап жатыр. Кейбіреуі әрине жарияланып та үлгерді.

Менің ойымша, министр мен әкімдер көбісі өздерінің нақты миссиясы мен стратегиясына сәйкес жұмыс істемейді. Тіпті олар өздерінің стратегиясын білмеуі де мүмкін. Сонымен қатар, Президент берген тапсырмаларды, жол картасына енуі қажет ұсыныстарды әртүрлі жолдармен енгізбеуге тырысады. Айтпақшы, жаңа заң бойынша Президенттің сенімінен айырылған шенеунік мемлекеттік қызметтен аластатылады.
297 views10:12
Ашу / Түсініктеме
2023-03-29 20:32:55 «Фейк про ковид, благотворительность, уклонение от вопроса про налог». Что известно о Даулете Мукаеве, победившем Шораева на выборах

Победителем по одномандатному округу №2 в Астане назван один из самых известных блогеров страны Даулет Мукаев, имеющий 2,4 млн подписчиков в Instagram’e. Даулет Мукаев в соцсетях известен как специалист по жилищно-правовым отношениям, он проводил марафоны по финансовой грамотности, также он ведущий программы «Баспанаға бағыт».

Даулет Мукаев во многом поднимает актуальные социальные проблемы и постит полезный контент. Но не всегда. В сентябре 2021 года Даулет Мукаев опубликовал у себя фото дезинфекции в школах и задался вопросом: “Это дезинфекция или распыление чего-то другого?” и призвал ответить министерства здравоохранения и образования. В тот период в стране распространялись фейки по теме дезинфекции, в основном от антиваксеров, которые считали, что под видом дезинфекции намеренно распыляют ядохимикаты, хотя миф о якобы распылении химикатов официально развеяли еще в 2020 году. В интервью журналисту Ерболату Мухамеджану блогер признался, что в таких случаях “вынужден публиковать присланное от читателей без фактчекинга и отправки запросов в госорганы”, так как не может каждому читателю в дайрект отвечать “это фейк”.

У Мукаева есть благотворительный фонд DAULETTEN ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ. К примеру, фонд подарил однокомнатную квартиру матери двоих особенных детей в Актобе. Были и другие кейсы о помощи с жильем.

По данным из открытых источников, у зарегистрированного в мае 2020 года фонда “DAULETTEN ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ" оценочная годовая выручка 289 146 648 тенге
Сумма налоговых отчислений 12 531 325 тенге. Отчисления за 2020 год - 1,2 млн тенге, за 2021 год - 5,4 млн, за 2022 - 5,9 млн. По данным Kompra.kz, налоговые отчисления с 2020 года - 7, 2 млн тенге. В среднем в год - 1,8 млн тенге. Максимально зафиксировано в 2022 году - 3,18 млн тенге. У фонда имеется налоговая задолженность за обязательное медстрахование - 4513.49 тенге.

В открытых данных также есть ИП “Мукаев Даулет Толеутаевич”, зарегистрированное в 2010 году. В 2017-2018 годах у ИП не было налоговых отчислений. ИП ликвидировано в июне 2018 и исключено из реестра stat.gov.

Блогер также зарабатывает на рекламе в Instagram и различных онлайн-уроках по финансовой грамотности. На вопрос журналиста Ерболата Мухамеджанова, сколько он в среднем в год платит налоги, блогер ответил, что у него “сейчас нет ИП, и всеми этими вопросами занимается его команда”. Назвать примерную сумму уплачиваемых налогов со своих доходов блогер затруднился.

Всего с 2016 года, как указано на сайте statsnet, Мукаев Даулет Толеутаевич (если это не его полная тезка), уплатил налоги в размере 61 263 тенге. При этом в 2020 году сумма составила - 4755 тенге, в 2021 году - 15 563 тенге, в 2022 году - 36 246 тенге. На сайте не уточняется, речь об ИП или об учредителе ИП.

В 2020 году президент наградил его медалью «Ерен еңбегі үшін». Перед выборами в парламент 2021 года Даулет Мукаев был включен в список 20 кандидатов в мажилис от партии ADAL».
На выборы 2023 года он выдвигался как самовыдвиженец. Но в апреле прошлого года он был избран в политсовет партии "Amanat". При этом Даулет Мукаев признался, что программа партии его не интересует. Как известно, политсовет партии принимает ключевые решения. Мукаев заявил, что до этого был в партии “Адал”, теперь в “Аманате”, и “больше партию не поменяет”.

Даулет Мукаев, по официальным данным опередив в своем округе Армана Шораева, стал депутатом мажилиса. Судя по некоторым фрагментам из его интервью, новоиспеченному депутату еще предстоит изучить механизмы принятия и отправки законопроектов. Перед этими выборами в том же интервью журналисту Ерболату Мухамеджану кандидат в депутаты Даулет Мукаев сказал, что не знает, куда отправляется законопроект, если сенат в течение 60 дней не примет решение после получения от мажилиса.

Материал подготовлен совместно с независимым Telegram-каналом BES.media.
1.2K views17:32
Ашу / Түсініктеме
2023-03-29 07:03:24 https://www.youtube.com/live/FjTcHfBsTX8?feature=share
724 views04:03
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 12:52:11 Енді блогер депутаттардың посттарының бағасы өсетін шығар . Әлде қалай болады екен?)
810 views09:52
Ашу / Түсініктеме
2023-03-23 21:32:00 Сені тірі кезіңде дәріптеуі және өліміңнен кейін масқаралауы мүмкін.

Бұл азаматтың кітаптарының біразын оқып шықтым. Сұхбаттары болса қарауға тырысамын. Әрбір жауаптары цитата, афоризмдерге сұранып тұрады. Соның бірі мына пікірі:

"Мен енді белсенді саяси қызмет жүргізбеймін. Маған мен туралы жас сингапурлықтардың не ойлайтыны маңызды емес. Менің өлімімнен кейін олардың мен туралы зерттегені үшін ғылыми дәреже алады, зерттеушілер анықтайды, солай емес пе? Сондықтан қайта қарау үдерісі жүреді. Адамдардың Сталиннің, Брежневтің қызметтерінің нәтижесін қайта қарағаны сияқты, қазір Елциннің қызметінің нәтижесін қайта қарауда, бір кездері Путиннің де қызметінің нәтижесін қайта қарайтын болады. Мен жеткілікті ұзақ өмір сүрдім және сені тірі кезіңде дәріптеуі және өліміңнен кейін масқаралауы мүмкін екенін білемін."

Ли Куан Ю
296 views18:32
Ашу / Түсініктеме
2023-03-22 21:05:55 Біз мынаны түсінейік, “менің атам батыр болған, сенің атаң батыр болған” дегенді қою керек. Яғни тарихымыздағы батырларды айтып мақтана береді. Бірақ өзі қорқақ, атасы батыр болса да. Және ұмытпаңыз, "апачилердің де" аталары мықты болған... Олардан тек кино мен естеліктер қалды.

Сәйкесінше, бұрынғы көшпелі мемлекет ретінде, бізге мынаны аса терең түсіну қажет: біздің көшпелі империя баяғыда құлдырап кеткен және біздің әлем жөніндегі барлық қалыптасқан түсініктерімізде онымен бірге қоса құлдыраған.

Бүгінгі күні бізге озық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына негізделген жаңа империя құру қажет. Бізге қазақ тілі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының озық тілі ретінде танымал болатын білім империясын құру керек.

Адамдар көп жағдайда өздерінің мүдделері үшін қызмет етеді. Біздің міндетіміз, кез-келген адам өз қызығушылықтарына қол жеткізе отырып, сол уақытта қоғамның да әл-ауқатын арттыратын жүйе қалыптастыру. Яғни, адам өзін ауқаттандыра отыра, бүкіл қоғамды да ауқатты ететін жүйе құру.

Ең маңыздысы, Бізге өзіміздің ұлы өткеніміз туралы қыңқылдай беруді тоқтатып, ұлы болашақ жасайтын уақыт келді!!!

Сәттілік Бізбен Бірге!
192 viewsedited  18:05
Ашу / Түсініктеме
2023-03-19 13:42:11 Двоих работников избиркома отстранили за вброс бюллетеней на участке близ Алматы
1.8K views10:42
Ашу / Түсініктеме
2023-03-18 22:08:03
Біздің партия немесе кандидаттар шынымен халықты ойлайтын болса, барлығы бірге бір әрекет жасауы тиісті. Егер тіпті жеңіліп қалса да сол әрекетті жасауы керек. Әртүрлі жерге жабыстырып тастаған А4 үлгідегі барлық қымбат қағаздарын қайтадан жинастырып, былғанған жерді қырып немесе жуып тазалау керек. Егер солай істемесе олардың сөздерінің бәрі жай сылдыр сөз). Немесе осыны заңмен бекітсе жақсырақ болар еді .

Сайлауда адал бәсеке әрқашан маңызды. Саяси реформаны әрқашан қолдаймын. Яғни барлығына тең мүмкіндік беру көп жағдайда жақсы нәтиже алып келетінін түсінуіміз керек.

Тағы бір мәселе, біздің саяси партиялар мен бір мандатты жүйеде сайланатын кандидаттар қалай да болсын барын салып үгіт-насихаттарын жүргізді. Біразында тәжірибе жоқ екені көрінді. Кейбір пиарщиктер өрескел қателіктерге жол бергенін байқадым(ол туралы кейін жеке жазармын, көңілдеріне алып қалмаса болды). Әйтеуір пиар деген осы екен деп, сұхбаттан сұхбат, тиктоктан тикток, блогерден блогер, тіпті наклейка жабыстырудан алдарына жан салмады. Соңында, байқағаным осындай бейәдеп пиардың нәтижесінде сайлаушылар жалпы сайлауға қатысушылардан шаршай бастады. Тіпті тым әсірелеу кейбір кезде дауыс беруге деген ниеттерін азайтады ма деген де күмән жоқ емес.

Ертең, Алла қаласа отбасымызбен әдеттегідей дауыс беруге барамыз. Себебі, сайлау ол демократиялық жүйенің негізгі көрінісі. Біз де қолымыздан келгенше үлес қосуымыз керек. Баршаңыз дауыс беруге барасыздар деген сенімдемін!
2.3K views19:08
Ашу / Түсініктеме