Get Mystery Box with random crypto!

Кезінде депутаттар білім саласын қайта-қайта сынайтын. Қазір қ | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Кезінде депутаттар білім саласын қайта-қайта сынайтын. Қазір қараймын үн жоқ. Тып-тыныш. Бұл салада проблема жоқ сияқты. Тіпті комунистердің депутаты екі күннің бірінде запрос жасайтын. Қазір ол кісі де үндемейді.

Әлеуметтік комитет осындай да білім саласындағы елдік мәселелерді ашық көтергеннің орнына үнсіздік танытуда. Менің ойымша, Асхат Аймағамбетов осы комитетке барған кезінде көбісі білім саласындағы мәселелерді, сұрақтарды ашық көтереді деп ойлады. Ал сенім дегеннің маңызды зат екенін депутаттар бірінші түсінуі керек. Сайлаудың алдындағы уәделердің, сөйлеген сөздердің барлығы жазулы. Анализ жасап қойсаңыздар да болады өздеріңізде.

Енді комитетке ашық сұрақ: бұл салада проблемалар жоқ, барлығы шешілген соң көтермейсіздер ме, әлде басқа да бір себеп бар ма?!

Сілтеме:

https://www.facebook.com/1578803826/posts/pfbid028YrTeV7yDvn54iTXwgAf2QG1UJ3rewcrK1xMcWmh2DDKz5spLdVngrr2TCeRF8JAl/?mibextid=kdkkhi