Get Mystery Box with random crypto!

ERBOLAT MUHAMEDJAN

Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN E
Telegram арнасының логотипі erbolatmuhamedjan — ERBOLAT MUHAMEDJAN
Арна мекенжайы: @erbolatmuhamedjan
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.79K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2023-03-17 14:18:32 Хабардағы пікірсайыс.
Аргументтер мен әрбір жеке сөздерге тоқталмай-ақ қояйын.
Жалпы осы жолы пікірсайыс мәдениеті сақталды. Спикерлердің пікірсайысқа төселіп қалғаны байқалды. Әрине, кейбір спикерлер популизмге бой алдырып жатты. Сонымен қатар, кейбір партиялардың лидерлерінің дайындығы байқалып тұрды. Мысалы, Аманат партиясының лидері әр сөздерінде нақтылықты байқатты. Ал, Республиканың лидерінің сұрақтары ұнады. Қалған партиялар ренжімесін, деңгейлерін көрсетті. Менің ойымша, пікірсайыс тек сайлау уақытында ғана емес, алдағы уақытта кез келген заң жобасына, немесе қоғамда өршіп тұрған мәселеге де қатысты пікірсайыстар өтіп тұруы тиіс. Сол кезде бізде саяси мәдениет қалыптасады.

Сіздердің ойларыңызша Хабардағы пікірсайыс қалай өтті?
2.7K viewsedited  11:18
Ашу / Түсініктеме
2023-03-16 16:17:43

2.9K views13:17
Ашу / Түсініктеме
2023-03-16 16:14:48
ДӘУЛЕТТЕН: Аманат ол бәрібір де биліктің партиясы

Достар, менің авторлық каналымда HARD Talk жобасының келесі қонағы, өзінің айтуы бойынша: ел жанашыры, қоғам қайраткері, мотиватор, кәсіпкер, блогер, журналист, экономист, медиаменеджер, шеф-редактор, сценарист, продюсер, ең бастысы қазақтың қарапайым баласы - Дәулет(тен) Мұқаев. Ашық талқылау арқылы объективті ақпаратты сіздерге ұсынамын!









3.1K viewsedited  13:14
Ашу / Түсініктеме
2023-03-15 16:16:50
Шабыт университетінің студенттері ректорларын құттықтауда “креатив” көрсеткен. Енді қызығы осы мәселені шешу үшін мемлекеттен қаражат бөлінді ме екен?

Видеоролик astanovka98 телеграм арнасынан алынды.
3.3K viewsedited  13:16
Ашу / Түсініктеме
2023-03-11 09:29:20
Ел ертеңі ескерткіш пе?)
5.3K views06:29
Ашу / Түсініктеме
2023-03-07 20:24:40
2018 жылы Гонконг, 2019 жылы Лондонда орналасқан Bloomberg телеарнасының офисінде стажировкадан өткенім бар. BBC телестудиясына да қонаққа барған едік. Кішкентай ғана пәтердің бөлмесіндей орынға әдемі әрі ыңғайлы телестудияларды орналастырған. Сол кезде іштей қызығып қайттым. Себебі, біздегі студиялардың көбісі үлкен аумақта орналасқандығы біртүрлі көрінетін. Және көп шығынды талап етеді.

Ал біздің JIBEK JOLY телеарнасы қысқа уақыттың ішінде дәл сол батыс телеарналарындағыдай стильде әдемі студияны жасады. Шынымды айтсам бірінші эфирдің өзінен еркіндікті сездім. Тіпті, студияда операторсыз тек робот камералардың болуы эфир уақытында басқаша әсер етеді екен.

Ал, достар біздің жаңа студиямызбен құттықтап қойсаңыздар болады). Бұдан былай біздің эфирге қатысу үшін Ақмешіт 3-те орналасқан офисімізге келесіз .

JJ TALK жобасын қарауды ұмытпаңыздар .
6.6K views17:24
Ашу / Түсініктеме
2023-03-05 18:18:15
Мұхтар Тайжан, жер комиссиясы кезінде тек Марғұлан Сейсембайдан ғана емес, тағы да басқа бизнесмендерден қаржы алған.

Ол туралы

Ерболат Мұхамеджанның ютуб арнасында өзі ашық айтты. Бірақ кімдерден алғаны туралы айтпайтынын жеткізді. Әрине, қоғамның тарапынан тағы да кімдерді қолдағаны туралы сұрақ ашық күйде қалды.

Егер талқылауды көрген болсаңыз, ойыңызды жазып қойыңыз.
6.6K viewsedited  15:18
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 20:28:57 Бүгінгі дебат туралы ойымды жазсам. Ашығын айтайын, өзім кәсіби түрде пікірсайыспен айналысқан соң елдегі дебаттардың ешқайсысын жібермей көремін.

Осы жолғы пікірсайыс қызық өтті, формат өте сәтті таңдалған.

Бізде әлі де аудитория мұндай дебатқа қоғамның үйренбегені байқалады. Ұлыбритания, Түркия, Украинада сайлау дебаттарын айтпағанда, Парламент отырысында тартыстарды көрсеңіз, мұны бірден түсінер едіңіз. Бір-біріне мүлде күрделі сұрақ қоймай, әп-әдемі сценариймен өтетінге көз үйренген. Бүгін болса ашық, өткір болды.

Өзім белгілеп алған тұстарын атап өтсем.

Республика партиясы Ақжолда басшылықтың ауыспайтынын, қанша жылдан бері бір төраға екенін айтып сынады. Бұл түсінікті де. Екі партия да кәсіпкерлер үшін таласып жатыр. Ақжол кейінгі жылдары Алаш туралы жиі айтатынын білеміз. Сырымбек Тау мырза солай бола тұра АқЖол партиясында бірде бір қандастың жоқтығын атап өтті.

ЖСДП партиясы өзін оппозиция екенін дәлелдеу үшін басқа партиялардың бәрі оларға қызық еместігін айтып, бірден Аманатқа сұрақтарын бастады. Қанша жыл билікте болған партия ештеңе істемеді деп айыптады. Ал АқЖол партиясы ЖСДП өзін әрдайым сайлауға байкот жариялап, биыл сонда неге өзгерді деді. ЖСДП өкілі “2021 сайлау әділ өтпейтінін біліп қатыспадық” деп жауап қайтарды.

Байтақ партиясы Халық партиясына кетіңіздер, ескінің қалдығы деп консерві жабатын құрылғы сыйлағаны есте қалды. Сондай-ақ партия төрағасы Ертісбаев мырза қазақша сөйлей алмайтыны үшін келмеді ме деп тиісті.

Ал халық партиясы болса Аманатқа 3 млн кедей бар, осыған кінәлі билік партиясы деп айыптай сөйледі.

Республика партиясы “ертең Адал сияқты Аманатқа қосылып кетпейсіздер ме?” деген сұраққа мүлдем жауап бермеді.

Жанкүйерлердің айғайы артық болған сияқты, оларға ақырын десе де керісінше кедергі жасағандай көрінді. Партия өкілдері жақсы дайындалған. Әрине кемшіліктер бар, десе де осындай дебат арқылы біз елдегі саяси қызығушылықты арттырамыз. Сол үшін бүгінгі дебатты ұйымдастырған ұлттық арнаға респект деймін!
7.2K viewsedited  17:28
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 19:21:18
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы партиялар арасындағы пікірсайысты жақсы ұйымдастырған екен. Партиялар бірін-бірі жеп жатыр). Әдемі.

P.S. Дебатты экраннан емес, студиядан көрген басқаша).

Қай партияның өкілі жақсы пікірсайыстырды?
5.7K viewsedited  16:21
Ашу / Түсініктеме
2023-02-28 20:01:12 Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстанда Аманат партиясының үгіт-насихат жиынында болған бір видеоны көріп қалдым. Жиынға қатысушы ашық түрде облыс әкімінің қызметтен кетуін талап етуде. Егер Аманат партиясы шынымен халықтың үніне құлақ асса әкім Даниал Ахметовті орнынан кетіру үшін барлық күшін салады деген сенімдемін. Және облыс әкімдігінің бүгінгі күнге дейінгі жұмысын арнайы комиссия құрып тексергені дұрыс деп есептеймін. Бұл дегеніміз сайлаушылардың сеніміне ие болу үшін жақсы мүмкіндік.

Айтпақшы, сол жиында бұрынғы ақын, бұрынғы журналист, бұрынғы депутат - қазіргі кандидаттардың отырғанын да байқадым. Кезінде #Hardtalk талқылауға келгенде митинг өткізуге дайынмын деген еді). Көреміз енді.

P.S. Айтпақшы, партия өкілін алдыңғы постымда айтқандай ашық талқылауда күтіп жүрмін. Келіп қоғамда қордаланған біраз сұрақтарға ашық түрде жауап беретін уақыт келген сияқты.
6.3K viewsedited  17:01
Ашу / Түсініктеме