Get Mystery Box with random crypto!

Пікірсайыс. Жаңа заманның ойшылдары пікірсайысшылар дер едім. | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Пікірсайыс. Жаңа заманның ойшылдары пікірсайысшылар дер едім. Студент кезімде дебат ойындары үшін ішкен асымды жерге қоятынмын. Мен үшін, пікірсайыстың маңыздылығы өте жоғары болды. Ашығын айтсам, көп нәрсеге үйретті. Мықты орта болды. Біраз достар таптым. Демократиялық қоғамды қалыптастыруда пікірсайыстың әсері жоғары. Шамамен 10 жылдай кәсіби түрде пікірсайыспен айналыстым. 1 курстан бастап университеттің пікірсайыс клубының жұмысын жүргіздім. Ірі республикалық турнирлердің чемпионы атандық.

Тек турнирге қатысып қоймай, студент кезімізде командамызбен еліміздегі ең ірі республикалық турнирді (ТЭО CUP) дәстүрлі түрде ұйымдастыруды қолға алдық. Қазіргі таңда Қазақстандағы ең абыройлы турнирлердің бірі болып саналады. Кейін Жаңаөзенде, Атырауда, Шымкентте, Астанада бірнеше турнирлерді ұйымдастырдық.

Біздің кезімізде, ұлттық пікірсайыс орталығы өз жұмысын ресми түрде тоқтатқан еді. Біз клуб ретінде, мектеп лигасын да қолға алып арнайы тренингтер де өткіздік. Шынын айтсам, сол кезеңде бізге ешкім қаражатта бөлмейтін. Және оның барлығын белгілі бір атақ үшін емес, пікірсайысқа деген құрмет үшін жасайтынбыз.

Қазіргі таңда шәкірттеріміз түрлі салада қызмет жасауда.

Пікірсайыстан алған құндылықтарым бойынша алдағы уақытта ойыммен сіздерге бөлісемін.

Қазіргі күні, жас пікірсайысшылар хабарласып осы саланы толығымен қолға алуымызға өтініш білдіруде. Әрине, бірнеше жобаларым болса да бұл ұсыныстардан бас тарта алмайтын сияқтымын. Пікірсайыстан аларымызды алдық, енді нағыз көмектесетін уақытымыз келді.