Get Mystery Box with random crypto!

Пікірсайыс мен үшін өмірлік философия. Пікірсайыспен философия | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Пікірсайыс мен үшін өмірлік философия. Пікірсайыспен философия егіз ұғым сияқты. Ұзақ жылдар пікірсайыспен айналысқандықтан, соған көзім нақты жетті. Сол үшін де пікірсайысшыларды жаңа заманның ойшылдары деп сенімді түрде айта аламын. АҚШ және Ұлыбритания сияқты әлемнің дамыған елдерінде әрбір саясаткері пікірсайыс мектебінен өткен.

Пікірсайысшылар, этика мен құндылықты бірінші орынға қояды. Кез келген мәселенің дұрыс шешімін айтудан ешқашан қорықпайды. Олар жалпы өмірде де сондай адамдар. Сондықтан пікірсайысты елдік деңгейде дамыту қажет деп шешім қабылдадым.

Барлық деңгейдегі Пікірсайысшыларды бір ту астында бірігіп, пікірсайыс қозғалысын бірге дамытуға шақырамын. Жақын аралықта нақты жаңалықпен бөлісемін. Оған дейін назарларыңыз бізде жүрсін.

P.S. Роликте жақында ғана Алматы қаласында TEO CUP Республикалық турниріндегі сөйлеген сөзімнің бір бөлігі.