Get Mystery Box with random crypto!

Мен Семей қаласында туғанмын. Ол кезде Семей облысы еді. Кейін | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Мен Семей қаласында туғанмын. Ол кезде Семей облысы еді. Кейін Шығыс Қазақстанға қосылды. Қазір Абай облысы.

Тағайындалғанына бір жыл болған Абай облысының әкімі мүлдем әлсіз. Таза шенеунік. Астанадан келген соң жаңашылдықпен келу керек еді. Деңгейіне қатысты сұрақтар көп. Мінез жоқ. Өзінің қалай әкім болғанын әлі түсінбей жүрген сияқты. Өзім куә болған бір мысалды айтайын. Былтыр жазда Үржар ауданы жақтағы Алакөлге демалысқа бардым. Ауданға облыс әкімі Уранхаев келеді деген ақпаратты естідім. Кейін келді, Інжу деген ең қымбат демалыс үйінде жатыр деді, сыртынан өзім де көрдім. “Мынау әкім қызық екен, облыс әкімі келген соң бірден проблемаларды қараушы еді” деп ойладым. Бірақ аудан қатты дайындалған, аудандық кейбір мектептер, ауруханалар дайындалғаны соншалықты, қызметкерлері 1-2 апта өздерінің негізгі жұмыстарын ұмытқан. Жақсы дайындалды дейік, облыс әкімі қандай әрекет жасады деп ойлаймыз ғой. Әкім бір жұма Алакөлде демалады, кетерінде жарты күннің ішінде протокольно бір-екі жерге кіреді. Тіпті мекемелердің ішіне кіріп проблемаларды да анықтамайды. Сол күйі қайтады. Ең ашуым келгені, мұғалімдер мен дәрігерлерді жынды қылып қоятындары. Сол кезде эмоциямен жазайын деп ойладым да, құрсыншы бір уақыты келер дегем. Бүгін Президенттің әкімдер жаяу жүрмейді, өз аяқтарымен проблеманы көрмейді дегені, осы бір мысалды дәлелдеп тұрғандай.

Ашығын айту керек, біздің өңір, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы да бір дұрыс әкімге жарымады. Әрқайсысы келген сайын, командасымен келеді. Халық арасында “облыс әкімінің адамы” деген легенда жүреді. Легенда дейін десең, тендерде тек солар ұтқанын байқайсың. Келесі әкім келгенде оларда проблема басталады, басқа бір адамдар өз жағдайын жасап бастайды. Оған халықта үйренді. Бір жолды 15-20 жыл болды жасап келе жатқандарына. Тағы бір мысал, ауызсуға бөлінген қаражат желінеді, Аягөздегі таза ауызсуға 2 млрд бөлінеді, бірақ ауызсу жоқ. Оған да халық үйренді. Себебі, сот жоқ. Аудан әкімдері өздерін король сияқты сезінеді. Себебі, облыс әкімі өзін солай ұстайды. Егер сыбайлас жемқорлық агенттігі қолымда болса, бірінші Шығысты тексертуші едім.

Кәдімгідей жаның ашиды. Жүрегің ауырады. Обал. Әкімдердің жалақысын жақсы білеміз. Бірақ, олар қымбат коттеджде, қымбат көліктері болса, қоғамда оларға қатысты сұрақтың туындауы заңдылық деп ойлаймын.