Get Mystery Box with random crypto!

Өзгелердің жағдайымен санасып жүріңіз... Тарихшы Шәбиб ибн Шә | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Өзгелердің жағдайымен санасып жүріңіз...

Тарихшы Шәбиб ибн Шәбба әйгілі Әли ибн Һишаммен жүріп келе жатады. Алайда Шәбибтің аты шабандау болғандықтан қатардан қалып қояды.
Әли Шәбибтің тұсына келіп: «Жылдамырақ жүрсеңші!» дейді.
Шәбиб: Астымдағы атымды қамшыласам, жүрісінің жөні осы. Ал қамшы салмасам, мүлдем жүрмей тоқтап қалады. Осындай атқа мінген мен қалайша жылдам жүрмекпін?! Ал сен қамшы салсаң желдей есетін, қамшы салмасаң да жортып жүретін арғымақтың үстінде келесің. Қалайша сенімен қатарласып жүрейін» деген екен.

Сөзге тоқтаған Әли атынан түсіп, Шәбибті атына отырғызған екен.

Жұмаңыз мүбарак болсын!
Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!