Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін қазақтың тағы бір талантты ақыны Есенқұл Жақыпбектің туғ | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Бүгін қазақтың тағы бір талантты ақыны Есенқұл Жақыпбектің туған күні. Жақсы адам еді, жақсы ақын еді. Алла рақымына бөлесін!

ТОРЫҒУ

Жата-жата іш әбден пысығасын,
Бірдеңе айтып, үйіңнен сытыласың.
Барасың бір ортаға, барасың да,
Бірдеме айтып одан да құтыласың.

Беделі бар болсаң да пысық ақын,
Жас баланың, өзіңнен мысы басым.
Қылмысы көп қоғамда осы күнгі,
Қылмысың жоқ болғанға қысыласың.

"Сүйре" дейсің мені де, "ескер" дейсің,
Жұрт жеткенге мені де жеткер дейсің.
Өзгересің, өзің де безденесің,
Жек көретін нәрсені жек көрмейсің.

Жылайтұғын жерлерде жыламайсың,
Сынайтұғын жерлерде сынамайсың.
Жоғалады күлкіңнің күміс даусы,
Баяғыдай күлкіден құламайсың.
Сені бәрі клоун санаса да,
Оңашада қалғанда "ұлы Абайсың".

Зая кетіп өлеңің, тер мен еңбек,
Көріне алмай жүресің елге жөндеп.
Көрінейін десең бір, тұрып алар,
Көтені үлкен біреулер көлденеңдеп.

Өліп-өшіп еңбегің еленгенше,
Көтке бөстек жасайды, сенен көрпе.
Қай көтеннің дәуірі туды екен деп,
Көтен аңдып өтесің, өле-өлгенше.

Көтен арман, күнде бір көтен-үміт,
Адам бола алмайсың жеке жүріп.
Бір уыс боп қалыпты өз көтенім,
Көрінгенді жүргенде "көке" қылып.
Бұл заман да өзгерер бір жағына,
Сенің көтің біткенше көтеріліп.

Есенқұл Жақыпбек