Get Mystery Box with random crypto!

Арабтың ең ұстамдысы деп танылған табиғин Ахнаф ибн Қайыс (Алл | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Арабтың ең ұстамдысы деп танылған табиғин Ахнаф ибн Қайыс (Алла оған разы болсын) былай дейді.
"Бір күні момындардың халифасы Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) маған қарап: "Уа, Ахнаф! Көп күлген адамның айбаты таяды. (Көп) әзілдескен адамның бағасы түседі. Кім немен айналысса сол іспен танылады. Сөзі көбейген кісінің ағаттығы да көбейеді. Ағаттығы көбейгеннің ұяты азаяды. Ал ұяты азайғанның тақуалығы азаяды. Ал тақуалығы азайғанның жүрегі өледі" деп айтқан еді дейді.