Get Mystery Box with random crypto!

БӘДӘУИЛЕРДІҢ (түздің арабы) ҚЫЗЫҚТАРЫ Қазы өзінің алдына әкел | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

БӘДӘУИЛЕРДІҢ (түздің арабы) ҚЫЗЫҚТАРЫ

Қазы өзінің алдына әкелінген бәдәуиге сұрақ қояды:

- Саған қандай айып тағылып отыр?

- Қазы ием, найзаның ұзындығындай арқан жіп ұрладым.

- Сонда сені менің алдыма қысқа ғана арқанға бола соттасуға алып келген бе?

- Иә, мырзам. Тағы ол арқанның арғы ұшында сиыр байланған еді, - депті әлгі бәдәуи.

Арабшадан аударған: Қанат Жұмағұл.