Get Mystery Box with random crypto!

Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар. 1. Залым патша алаулап жа | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
1. Залым патша алаулап жанған оттың ортасына тастап Ибраһим пайғамбарды (Алланың оған сәлемі болсын) жазаламақ болды. Алайда оттың оған зияны тимеді.
2. Мұса пайғамбар қауымымен бірге (Алланың оған сәлемі болсын) теңізге батпады. Ал перғауын батты.
3. Жүсіп пайғамбарды (Алланың оған сәлемі болсын) бауырлары құдыққа лақтырып құрдымға жібермек болды. Кейін құдықтың құрдымынан құтылғанмен жала жабылып абақтыға да жабылды. Бірақ сол Жүсіп пайғамбар кейін Мысырдың уәзірі болды.
Бұл пайғамбарлардың басына келген қиындықтардан мынадай ғибрат, сабақ алуға болады.
Бүкіл ғалам саған зарар тигізбек болып бекініп, қолдан келер жамандықтың, айланың алуан түрлісін іске асырса да тек Алланың маңдайына жазғаны ғана болады. Сондықтан қорықпа! Уайымдама!
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!