Get Mystery Box with random crypto!

Үшеу... Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар. 'Мына үшеуінен құ | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Үшеу...
Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
"Мына үшеуінен құтылмайынша жаның жай таппайды.
Олар: Уәсуаса (азғыру), қарыз және жаман жолдас.
Мына үшеуінің уақыты кешіксе мәні кетіп қалады.
Олар: Той, қазаға көңіл айту және ақшам намазы.
Мына үшеуден аулақ бол!
Олар: "Ақымақ, жалқау және адамгершілігі аздау жан.
Мына үшеумен жолдас болма!
Олар: Күншіл, қарағанына көзі тиетін және ата-анасының тілін алмаған жан".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!