Get Mystery Box with random crypto!

Ұры-қары деген екі ат қалыпты - Іргелес ауылдың малын ұрлауда | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Ұры-қары деген екі ат қалыпты
- Іргелес ауылдың малын ұрлаудай-ақ ұрлаймын-ау, бірақ иелері із қуалап келіп, бәрін айдап әкетеді. "Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан" мен ұрламасам да, мал жоғалтқандар маған келе береді. Менде еш нәрсе қалмады ғой, – деп мұң-сырын ашыпты бір ұры Бөлтірікке. Бөлтірік шешен: - Сенде әлі де талай-талай нәрсе қалған екен... – дейді. Аң-таң болған ұры: - Ол не нәрсе, менде ешкімнің малы қалған жоқ еді ғой, - дейді. Сонда Бөлтірік шешен: - Сенде "ұры-қары" деген екі атақ қалыпты, - деген екен.
Алла Тағала сіз бен бізді жаман атты болудан сақтасын! Күндеріңіз сәтті өтсін!