Get Mystery Box with random crypto!

Сәлем беріп, киіз үйге кіріп келе жатқан Бегеш шешенге (1834-1 | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Сәлем беріп, киіз үйге кіріп келе жатқан Бегеш шешенге (1834-1911) Абай: «Аяғың сиырдың жапасы ғой, сүртіп кірмейсің бе»,- деп, аттан түскенде асығыс, абайламай аяғын былғап алғандығын бетіне басып, Бегешті сөзден сүріндірмекші болады. Сонда Бегеш шешен босағадағы киізге аяғын сүртіп-сүртіп жіберіп, тосылмастан: «Абайжан, дүние деген боқ емес пе?! Боқты боқпен сүртіп жатырмын» депті де, «Боқты боқпен таптау керек», - деп аяғын шешпестен, қалы кілем төселген төрге озыпты. Абай Бегештің бұл жауабына сүйсініп, бағасын беріп, қонақ қылып, шапан жауып шығарып салыпты.
Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті өттін!