Get Mystery Box with random crypto!

Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды Елордада экс- | Азаттық таңы

Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды

Елордада экс-мәдениет министрі, Қазақстан ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды.

Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің "Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етуге жол бермеу" бабы бойынша БАҚ өкілдері үшін шектеу енгізілген.

Айта кетейік, 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынды. Оны бюджет ақшасын жымқырды деп айыптап жатыр.

@azattyqtany