Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаев Меккеге барып қажылық етті Қазақстан президенті Қасым- | Азаттық таңы

Тоқаев Меккеге барып қажылық етті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қағбаға кіріп қажылық етті. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасы хабарлады.

"24 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді. Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды" — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қағбаның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.

@azattyqtany