Get Mystery Box with random crypto!

Маркетингтік компания атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды | Азаттық таңы

Маркетингтік компания атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі Нұр-Сұлтан қаласында "World Business Consulting" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ұйым ұйымдастырушылары инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, тұрғындарға ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған.

Алаяқтар өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсеткен екен.

@azattyqtany