Get Mystery Box with random crypto!

Сараптама қырғыз музыканты Рузахуновқа ауыр зақым келгенін көр | Азаттық таңы

Сараптама қырғыз музыканты Рузахуновқа ауыр зақым келгенін көрсетті

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының Ленин аудандық ішкі істер бөлімі Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы кезінде соққыға ұшыраған музыкант Викрам Рузахунов ісі бойынша тергеуді аяқтады.

"Сараптама денсаулығыма ауыр зақым келгенін көрсетті. Жиналған материалдар кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін Қырғызстанның бас прокуратурасы арқылы Қазақстанға жіберіледі", – деп жазды ол өзінің Facebook-парақшасында.

Осыған дейін қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты Қазақстанның құқық қорғау органдары Қаңтар оқиғасы кезінде ұстап, ұрып-соққаны туралы белгілі болды.

@azattyqtany