Get Mystery Box with random crypto!

Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға бас бостандығынан айырылды С | Азаттық таңы

Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім шықты.

Ол 366-баптың 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде пара алу" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Махажанов МЖӘ аясында Кентау қаласындағы автомобиль жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорының сенім білдірілген адамдары арқылы 98 500 АҚШ доллары (баламасы 42 500 000 теңге) көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

@azattyqtany