Get Mystery Box with random crypto!

Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі ұсталды Кәрім Мәсімовті | Азаттық таңы

Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі ұсталды

Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі – Нұрлан Мәсімов қолға түсті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

"Осы жылдың 13 шілдесінде антикоррупциялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады", - делінген хабарламада.

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.

@azattyqtany