Get Mystery Box with random crypto!

Еуроодақ Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға к | Азаттық таңы

Еуроодақ Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі

Еуроодақ Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы ұйым ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өткен кездесуде мәлімдеді.

Тараптар заңсыз баю үшін заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеу туралы сөз қозғалды.

Антикор басшысы Олжас Бектенов қазіргі уақытта 171 іс аяқталып,177 іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

@azattyqtany